Об определении мест, в которых запрещены выгул домашних животных либо нахождение с животными с иной целью, при необходимости оборудовании мест для выгула домашних животных Қолданыста
Басқа 0
Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 55-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтауды Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттары қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар
Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «_27_» ___11____
№ _6523_ қаулысына
қосымша
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар
№
Орындар
1.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтары
2.
Білім беру ұйымдарының аумақтары
3.
Дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың аумақтары
4.
Медициналық және емдеу ұйымдарының аумақтары
5.
Мәдениет ұйымдарының аумақтары
6.
Балалар мен спорттық ойын алаңдарының аумақтары
7.
Адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақтар
8.
Тыйым салу белгілері орнатылған, серуендеуге арналмаған аумақтар
Өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар
№
Орындар
1.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (көзі әлсіз көретін адамдарға арналған қызметтік иттер мен жетелеуші иттерден басқа)
2.
Сервистік қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдары
3.
Мәдени мекемелер (иттер қатысатын көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жағдайларын қоспағанда)
4.
Діни ұйымдар (бірлестіктер)
5.
Балалар ұйымдарының үй-жайлары
6.
Білім беру ұйымдарының үй-жайлары
7.
Медициналық ұйымдардың үй-жайлары