Об утверждении Положения о государственном учреждении «Исатайский районный отдел экономики и финансов» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 және 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Исатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 86 «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Исатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «02» желтоқсандағы № 282 қаулысымен бекітілген қосымша «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі аудандық экономика және қаржы бөлімі – өз құзіреті шегінде ауданның экономика және бюджет, коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме, Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің дербес атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазқстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060300, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі - №54А.
Тармақ 10
10. Осы ереже «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын жоспарлау және қалыптастыру;
Тармақша 2
2) ауданның бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) аудандық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру, ауданның коммуналдық мүлігін тиімді басқару болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: 1. Құқықтары:
Тармақша 1
1) Өз құзыреті шегінде аудан әкіміне және аудан әкімдігіне өңірдің стратегиялық және кешенді дамуына, аудандық бюджетті жоспарлау мен оның орындалуына, коммуналдық мүлікті басқару мәселелеріне қатысты ұсыныстар енгізу, сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық құжаттарды дайындап, оларды бекітуге ұсыну;
Тармақша 2
2) аудандық бағдарламаларды әзірлеу, есеп берулер құжаттарын дайындау барысында өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалардан және өзге де ұйымдар мен тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы шеңберінде салық органдарынан, ауданның атқарушы органдарынан, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік органдардан бюджетке түсетін салық түсімі көлемі және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, бюджет қалыптастыру және оның атқарылуын орындауға, сонымен бірге оған жүктелген басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық, басқа да материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 4
4) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджет әкімгерлеріне бөлінген бюджеттік қаражаты мақсатты пайдаланылмаған жағдайда кері қайтарып алу немесе қаржыландыруды тоқтату;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту;
Тармақша 7
7) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп жасау;
Тармақша 8
8) нақты кіріс түсімдеріне сәйкес жергілікті бюджет шығындарын қаржыландыруды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) құпиялық тәртібін, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, бюджет саласына қатысы бар құжаттармен кедергісіз танысу;
Тармақша 10
10) өз құзіреті шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жетілдіруге ықпал ету;
Тармақша 11
11) бюджеттің орындалысы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің тиісті дәрежеде жүргізілуіне ықпал ету мақсатында аудан әкіміне тоқсандардың, жылдың қорытындысымен бұл жұмыстар барысы туралы мәліметтер түсіру;
Тармақша 12
12) коммуналдық меншіктерді сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 13
13) қажеттілігіне қарай есептен шығаруға жататын коммуналдық мүліктерді қарау;
Тармақша 14
14) аудандық коммуналдық мүліктің пайлануын және сақталуын бақылау;
Тармақша 15
15) заңнамаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу;
Тармақша 16
16) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 17
17) мүлікті сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға беру), сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ауданның экономикалық даму бағдарламасын мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру, экономикалық, бюджеттік мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) ауданның фискальды және атқарушы органдармен бірлесіп, аудан бюджетінің жобасын жасау және үш жылдық мерзімге бюджеттің болжамдық көрсеткішін дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес бекітуге ұсыну;
Тармақша 7
7) ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық бюджетке өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін тиісті заңнамаларға сәйкес бюджетті бекіту шараларын алу;
Тармақша 8
8) аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, аудандық бюджет кірісінің және қаржыландыру жоспарының орындалуына бақылау жасау;
Тармақша 9
9) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік, бюджеттік және қаржылық есепті қабылдау;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
Тармақша 2
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және орындалу барысы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
Тармақша 4
4) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) басым аудандық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 6
6) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) аудандық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және түзету бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ ұсыныстар енгізу, сараптамалар жүргізу және консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалар жобаларында ұсынылған нәтижелік және тиімділік көрсеткіштерін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі мәніне қарау;
Тармақша 10
10) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде аумақтың даму және салалық бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) қадағаланатын аядағы /саладағы/ өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға арналған жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 12
12) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
Тармақша 13
13) бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заңнамаларға ұсыныстар беру, жасалған жұмыстарға мониторинг жүргізу;
Тармақша 14
14) ауданның тиісті қаржы жылдарына арналған бюджет жобасын ауданның тиісті фискальды және атқарушы органдарының қатысуымен дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес бекіту шараларын алу;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің жылдық бекіткен жоспарына анықтамаға сәйкес өзгерістер енгізу;
Тармақша 16
16) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 17
17) ай сайын жоғары және жергілікті атқарушы органдарға белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы туралы есеп беру;
Тармақша 18
18) жергілікті атқарушы органдар резерві қаражатының пайдалануына есеп пен талдау жасау;
Тармақша 19
19) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекмелердің жергілікті бюджетті атқару жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуын, жергілікті бюджеттен берілген қаражаттың, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кіріс үлесінің толық және уақытылы аударылуына бақылау жасайды;
Тармақша 20
20) аудандық бюджет қаражатын игеру мониторингісін, аудандық бюджет есебінің жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) аудандық бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік даму бағдарламаларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға), өтеусіз пайдалануға беру, сенімгерлікпен басқаруға беру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) коммуналдық мүліктерді есептен шығару, мүлікті сату жөніндегі ұйымдастыру шараларын алу;
Тармақша 25
25) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөнінде сауда –саттық ұйымдастыру, өткізу, мүлікті сатып алу-сату шарттарын жасау және оның шарттарына сәйкес сатып алушылардың міндеттемелерді орындауын бақылау;
Тармақша 26
26) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
Тармақша 27
27) жекелеген негіздер бойынша аудандық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 28
28) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
Тармақша 29
29) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорныдарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 30
30) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға беру жұмыстарын ұйымдастырып, бекітуге ұсынады;
Тармақша 31
31) өз құзыреті шегінде заңды тұлғалардың жарғысына (ережесіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға уәкілеттік беру бойынша ұсыныс бере алады;
Тармақша 32
32) есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 33
33) ай сайын аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға, тексеру комиссиясына ұсыну;
Тармақша 34
34) аудандық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
Тармақша 35
35) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 36
36) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға рұқсат және өтінім беру;
Тармақша 37
37) шекара маңындағы аумақтарды, тіректі ауылдық елді мекендерді дамыту іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ауданның біртұтас экономикалық, бюджеттік, коммуналдық меншікті басқару саясатын жасауға бағытталған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын сектор меңгерушілері, бас мамандары болады.
Тармақ 19
19. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін Исатай ауданы әкімі бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу шараларын немесе тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, бөлімнің қызметтік құжаттамасына, бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді және бөлімнің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
Тармақша 6
6) бөлімнің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қолдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз сектор меңгерушілерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Респкубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық/коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Исатай аудандық экономика және қаржы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.