О взаимодействии судебных исполнителей с сотрудниками органов внутренних дел при осуществлении привода должников по исполнительным производствам для возбуждения административного производства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот орындаушыларының ішкі істер органдарының қызметкерлерімен атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерді әкімшілік іс қозғау үшін күштеп әкелуді жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы туралы Сот орындаушыларының ішкі істер органдарының қызметкерлерімен атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерді әкімшілік іс қозғау үшін күштеп әкелуді жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылын реттеу мақсатында, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 785-бабын (бұдан әрі – Кодекс), «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26, 35-1-бабтарын және 167-бабының 12) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінің басшылары:
Тармақша 1
1) атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлерді Кодекстің 669-бабы негізінде әкімшілік хаттама жасау үшін шақыру қағазын жіберу арқылы мемлекеттік сот орындаушысына келу туралы тиісті түрде хабардар ету шараларын қабылдауды;
Тармақша 2
2) тиісті түрде хабарландырылған борышкер келмеген жағдайда, оның өндірісінде бар атқарушылық іс жүргізу жеке сот орындаушысына келуден бас тартқан тұлғаға қатысты күштеп әкелу туралы қаулы шығару қажеттігі туралы хат жолдауды;
Тармақша 3
3) жеке сот орындаушысы он жұмыс күні ішінде күштеп әкелу қаулысын шығармаған жағдайда, материалдарды сот орындаушысына қайтаруды;
Тармақша 4
4) борышкерді жеке сот орындаушысы мен ішкі істер органдарының қызметкерлері күштеп әкелгеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болған жағдайда әкімшілік хаттаманы толтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының басшылары:
Тармақша 1
1) Әділет департаментінен борышкердің мемлекеттік сот орындаушысына келмегені туралы хатты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерді күштеп әкелу туралы уәжделген қаулы шығарып, оны санкциялау үшін сотқа жолдауды;
Тармақша 2
2) күштеп әкелу туралы сот санкциялаған қаулыны борышкердің тұратын (немесе орналасқан) жері бойынша ішкі істер органдарына жолдауды;
Тармақша 3
3) борышкерлерді күштеп әкелу туралы қаулымен таныстыруды және сот орындаушысының қаулысына Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығын түсіндіруді;
Тармақша 4
4) ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен борышкерді әкімшілік хаттама жасалатын жерге үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері ғана сағат 9-дан 18-ге дейін күштеп әкелу арқылы жүзеге асыруды;
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдарының қалалық және аудандық бөлімдерінің бастықтарына:
Тармақша 1
1) сот орындаушылары жолдаған, келуден бас тартқан тұлғаны күштеп әкелу туралы қаулыларды қабылдауды және уақтылы тіркеуді;
Тармақша 2
2) сот санкциялаған қаулыны алғаннан кейін, күштеп әкелуге жататын тұлға бойынша барлық тіркеу деректерін тексеруді (азаматтық қаруының бар-жоғы, ішкі істер органдарында есепте тұруы және т.б.);
Тармақша 3
3) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы сот орындаушысына борышкерді күштеп әкелуге жәрдем көрсетуді;
Тармақша 4
4) қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыру үшін атқарушылық әрекеттер жүргізілетін жерге белгіленген уақытта келуді;
Тармақша 5
5) қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы оған қатысты соттың қаулысы шығарылған борышкерді арнайы әкімшілік қабылдау орындарына оны тікелей жеткізу арқылы қамауға алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетіне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.