Об утверждении Правил управления санитарно-защитной зеленой зоной столицы и ограниченного режима деятельности на ее территории Қолданыста
Басқа 0
Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және
оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасы
Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 348/46-VIII
мәслихаттың шешімімен
бекітілген
Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және
оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Жер кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 126-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 44) тармақшасына, 12-2-бабына сәйкес әзірленді және астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимін басқару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағы – астананың аумағындағы қорғау, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристік функцияларды жүзеге асыратын аймақ;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Астана қаласының атқарушы органы – «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) уәкілетті ұйым – «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 3
3. Осы Қағида астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының экологиялық, ресурстық және рекреациялық әлеуетін күзетудің, қорғаудың, күтіп-ұстаудың, дамытудың, жақсартудың, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негіздерін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару
2-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару
Тармақ 4
4. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағы Кодекстің 126-бабы 2-тармағына сәйкес рекреациялық мақсаттағы жерлердің құрамына кіреді және Заңның 12-2-бабы 1-тармағына сәйкес қорғау, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристік функцияларды орындайды.
Тармақ 5
5. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағына оның аумағында орналасқан өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі, абаттандыру объектілері, жол-соқпақ жолдар бағыттары, ат жүретін соқпақ жолдар жатады.
Тармақ 6
6. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының негізгі мақсаты:
Тармақша 1
1) өсімдіктер мен жануарлар әлемінің объектілерін жасанды өсіру;
Тармақша 2
2) тұрғындардың қысқа мерзімді демалуы үшін жағдай жасау.
Тармақша 3
3) экологиялық теңгерімді сақтау;
Тармақша 4
4) оңтайлы температуралық режимді сақтау, оның ішінде жазғы кезеңде;
Тармақша 5
5) ауаның ылғалдылығын сақтау;
Тармақша 6
6) ластанған ауаның адсорбциясы;
Тармақша 7
7) белгілі бір аумақта ластануды және басқа да теріс әсер ету нысандарын сіңіру, тазарту, өзгедей жою;
Тармақша 8
8) астананын сәндік-эстетикалық көркін, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 7
7. Қызметті ұйымдастыруды, астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау мен дамыту жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін жоспарлауды, бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Іс-шараларды жоспарлау «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстауға және дамытуға арналған шығыстардың құнын, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бекітілген мемлекеттік нормативтермен белгіленген «Аумақтарды көгалдандыру, абаттандыру» құрылыс нормаларының бөліміне сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
Тарау 3. 3-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының функционалдық аймақтары
3-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының функционалдық аймақтары
Тармақ 9
9. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағында келесі фнукционалдық аймақтар белгіленген:
Тармақша 1
1) белсенді демалыс аймағы;
Тармақша 2
2) серуендеу аймағы;
Тармақша 3
3) фаунаның демалыс аймағы;
Тармақша 4
4) қалпына келтіру аймағы.
Тармақ 10
10. Санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан функционалдық аймақтар жасыл желектерді пайдалану, күзету, қорғау және қалпына келтіру режимін саралау, сондай-ақ жануарлар дүниесінің мекендеу орындарын сақтау және бұзылған табиғи ландшафттарды қалпына келтіру мақсатында айқындалады.
Тармақ 11
11. Белсенді демалыс аймағы санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан жерлерде оларды абаттандыру және тұрақтылығы жоғары эстетикалық құнды табиғи ландшафттарды қалыптастыру мақсатында тиімді көліктік қолжетімділікті және қолайлы санитариялық-гигиеналық жағдайларды есепке ала отырып айқындалады.
Тармақ 12
12. Санитариялық-қорғау жасыл аймағы орындарында жеке және топтық серуендерді, туристік бағыттарды ұйымдастыру, азық-түлік және ағаш емес орман қорын белгіленген тәртіппен дайындау және жинау үшін серуендеу алаңы белгіленеді.
Тармақ 13
13. Санитариялық-қорғау жасыл аймағы орындарында жабайы құстар мен жануарлардың мекендеуi мен көбеюi, олардың қолдан өсiрiлуi үшiн жағдай жасау мақсатында фаунистикалық демалыс аймағы айқындалады.
Тармақ 14
14. Қалпына келтіру аймағы орман желектері өлген немесе олардың тұрақтылығы едәуiр төмендеген және орманды қалпына келтіру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн ұзақ мерзiмдi жүзеге асыру талап етiлетiн санитариялық-қорғау жасыл аймағының орындарында белгiленедi.
Тармақ 15
15. Қалыптасқан, тұрақты табиғи ландшафттары бар, рекреациялық инфрақұрылымы қалыптасқан санитариялық-қорғау жасыл аймағының орындарында немесе пайдалану, күзету, қорғау және қалпына келтіру режимiн дифференциациялау талап етілмеген жағдайларда функционалдық аймақтар бөлінбеуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Санитариялық-қорғау жасыл аймақ аумағының функционалдық аймақтарының шекаралары орамдар мен олардың бөліктерінің шекаралары бойынша уәкілетті органмен белгіленеді.
Тармақ 17
17. Белсенді демалыс аймағы мен серуендеу аймағын абаттандыру Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 2 қазандағы № 229/28-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына (бұдан әрі – Абаттандыру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 201576 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау және дамыту тәртібі
4-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау және дамыту тәртібі
Тармақ 18
18. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау және дамыту жөніндегі қызметті уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын күтіп-ұстау қызметіне жасыл желектерді күтіп-ұстау, күзету, қорғау, жасыл желектерді есепке алу, абаттандыру нысандарын күтіп-ұстау, жол соқпақ жолдар бағыттарын, ат жүретін соқпақ жолдарды күтіп-ұстау, аумақты қоқыстан санитариялық тазалау, астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында жануарларды өсіру бойынша өзара байланысты жұмыстар, қызметтер жатады.
Тармақ 20
20. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын дамыту белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының жасыл желектерін жаңғыртуды, аумақты абаттандыруды көздейді.
Тармақ 21
21. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласының аумағында жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 187873 болып тіркелген) сәйкес жер жырту, делегейлеу, тырмалау және топырақты қопсыту жұмыстарын қоса алғанда, санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау, қорғау, күзету және есепке алу жөніндегі жұмыстарды, қызметтерді жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Абаттандыру қағидаларына сәйкес орамшілік жолдарды тегістеуді қоса алғанда, абаттандыру нысандарын, жол-соқпақ жол бағыттарын, ат жүретін соқпақ жолдарды күтіп-ұстауды, аумақты тасынды қоқыстардан санитариялық тазалауды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында жануарлар дүниесiн өсіру мақсатында «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабында белгiленген тәртіпте жануарлар дүниесiн молықтыру, оның iшiнде жануарлардың түрлерiн жасанды жолмен өсiру, оларды кейiннен мекендеу ортасына жіберу шаралары жүргізіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан табиғи нысандарды ерекше күзету режимі
5-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан табиғи нысандарды ерекше күзету режимі
Тармақ 24
24. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан табиғи объектілерді ерекше күзету және қорғау мақсатында қызметтің шектеулі режимі белгіленеді.
Тармақ 25
25. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағындағы қызметтің шектеулі режимі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан табиғи нысандардың жай-күйінің қолайсыз өзгеруіне әкелмейтін қызмет түрлерін іске асырудың және технологияларды қолданудың басымдылығы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің және астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында орналасқан табиғи аймақты ерекше қорғау міндеттерін теңгерімді шешу.
Тармақ 26
26. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйi мен қалпына келтiрiлуiне теріс әсер ететiн кез келген қызметке, оның iшiнде мал жаюға, үй жануарларын айдауға, қоқыс сақтауға, топырақ жамылғысын бұзуға, аң аулауға, жануарларды аулауға және жоюға, қоршаған ортаны және қорғалатын ландшафттардың табиғи түрiн бұзуға немесе экологиялық жүйелердің тұрақтылығының бұзылуына әкелетін басқа да қызметтерге тыйым салынады.
Тармақ 27
27. Бақташысыз өздігінен жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары бақылаусыз болып танылады және иесін анықтағанға дейін уақытша ұстау орындарына уәкілетті ұйымдардың өкілдерімен қамауға және ауылшаруашылық жануарларын қорғау, өсіру және өсімдіктер дүниесін пайдалану шегіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда жауапкершілікке тарту үшін ішкі істер органдарына материлдарды тапсыруға жатады.
Тармақ 28
28. Ұсталған иесіз ауыл шаруашылығы жануарларын иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.
Тарау 6. 6-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының өсімдіктер дүниесін пайдалану тәртібі
6-тарау. Астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының өсімдіктер дүниесін пайдалану тәртібі
Тармақ 29
29. Жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының аумағында еркін жүруге және баруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағының өсімдіктер дүниесін пайдалануға;
Тармақша 3
3) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.
Тармақ 30
30. «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) жабайы өсiмдiктердi, олардың бөлiктерi мен дериваттарын жоюға және бүлдiруге, заңсыз жинауға жол бермеуге;
Тармақша 2
2) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану ережелерiнiң талаптарын сақтауға және өсiмдiктер өсетін жерлерге жағымсыз әсер етудi болдырмауға;
Тармақша 3
3) табиғи өсімдіктер бірлестігінің тұтастығын бұзбауға, олардың биологиялық әртүрлілігін сақтауға ықпал етуге;
Тармақша 4
4) өсімдіктер дүниесін пайдалану процесінде басқа да табиғи нысандардың тозуын болдырмауға;
Тармақша 5
5) өсімдіктер дүниесі алып жатқан жер телімдерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
Тармақша 6
6) өсімдіктер дүниесін пайдалану кезінде басқа тұлғалардың құқықтарын бұзбауға міндетті.
Тарау 7. 7-тарау. Қағида талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
7-тарау. Қағида талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
___________________________