О присвоении наименования улице села Нура Нуринского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Нұра ауылдық округінің
Нұра ауылындағы көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымындағы қорытындысы негізінде Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Нұра ауылдық округінің Нұра ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Терлікбаев Әлімбайдың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.