Об изменении границы(черты) села Сарыозек Кербулакского района Қолданыста
Басқа 0
«Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының шекарасын (шегін)
өзгерту туралы»
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 108 – бабының 5 - тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабының 3) - тармақшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің экспликациясына сәйкес, Сарыөзек ауылының бас жоспары негізінде Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының шекарасы(шегі) жалпы ауданы 1588,0 га болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау және интернет –ресурстарда жариялануы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Кербұлақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет, кіші және орта бизнесті қолдау, заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттілік, тұрғын үй – коммуналдық, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 495 қаулысына және Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 30-235 шешіміне қосымша
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының шегін кеңейту жөніндегі ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№
Атауы
Есептік кварталы
Жалпы ауданы, гектар
Оның ішінде:
егістік
Оның ішінде:
көпжылдық екпелер
шабындық
жайылым
суармалысы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 25-200 шешімі негізінде Сарыөзек ауылы бойынша жер көлемі
1533,0
2
Сарыөзек елді мекенін кеңейтуге берілген жер көлемі
55,0
3
Сарыөзек елді мекенін кеңейтілгеннен кейінгі жердің көлемі
1588,0