О призыве офицеров запаса на воинскую службу Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2026 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына қосымша 2026 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны Р/с № Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары Саны 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 700 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 80 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 64 4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 15 БАРЛЫҒЫ 859 ____________________________