О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Жанаозен Қолданыста
Басқа 0
Жаңаөзен әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №138 «Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №706 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25896 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.