Об изменении и установлении границ (черты) села Бериктас Какпатасского сельского округа Кордайского района Жамбылской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі Беріктас ауылының шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қордай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі Беріктас ауылының шекарасының (шегінің) жалпы алаңы 34974,28 гектар болып белгіленіп, елді мекеннің санатындағы шекарасынан (шегінен) 277,72 гектар жайылым жер учаскесі көпшілік пайдаланатын жайылымдар санатынан алынып, мемлекеттік жер қорына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Қордай ауданы әкімдігінің қаулысының және Қордай аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Қордай аудандық әкімдігінің қаулысы және Қордай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 417 мен Қордай аудандық мәслихатының 25 жылғы 28 қарашадағы № 52-3 бірлескен қаулы және шешіміне 2 қосымша