Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техногендік төтенше жағдайды нысан бойынша жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, «Азаматтық қорғау» туралы заңының 48-бабына, 2023 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. «Табиғи, техникалық және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу туралы» №240 бұйрығына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 24Б, мекен-жайында тұрғын үйдің фасадының құлауына байланысты техногендік сипаттағы апатты жағдай туындауына орай, аталған объектіде объектілік масшабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Халықты дереу хабардар етілсін және қауіпті аумаққа кіруге тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары С.Тәжіханов тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Шешім бірінші жарияланған күннен бастап күшіне енсін.