О признании утратившим силу постановления акимата города Лисаковска Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 109 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7698 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.