Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Мамлютского района Северо-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2 025 жылғы 01 желтоқсандағы № 339 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 2
2) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 3
3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 4
4) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар.