Об установлении норматива отчисления части чистого дохода государственных предприятий, осуществляющих деятельность в социальной сфере Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін таза табыс сомасының жиырма пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.