Об утверждении Правил предоставления военнослужащим органов гражданской защиты и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығын беру қағидалары «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына сәйкес және азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі - әскери қызметшілер) және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әскери қызметшілерге шетелдік оқу орындарына оқуға жіберу кезінде мемлекет есебінен оқу орнына дейін және кері әуе көлігімен жол жүру ұсынылады. Шетелдік оқу орындарында оқитын әскери қызметшілерге тағылымдамадан өту үшін мемлекет есебінен әуе көлігімен Қазақстан Республикасына және оқу орнына қайту жол жүруі ұсынылады.
Тармақ 3
3. Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру экономикалық сыныптың тарифі бойынша жүзеге асырылады
Тармақ 4
4. Шетелдік оқу орындарында оқитын курсанттардың, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге тәртіп көзделмесе, каникулдық демалыстарға жол жүруі оқу орнынан Қазақстан Республикасының шегінде өткізілетін демалыс өтетін жерге дейін және кері қарай әуе көлігінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер шетелдік оқу орнында оқитын курсант тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының шегінде және одан әрі оқу орнына өткізілетін демалысқа шыққан жағдайда, оның жол жүруі мемлекет есебінен әуе көлігінде демалысты өткізу орнынан (жөнелту пунктінен) оқу орнына дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, курсанттар және мерзімді әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерін қоспағанда, егер әуе көлігімен жол жүру құны темір жол (купе) немесе автомобильмен не су көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болса, ал көліктің бірнеше түрімен жол жүру кезінде - олардың жол жүруінің жалпы құнына тең немесе одан төмен болса, мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру беріледі.
Тармақ 7
7. Мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру берілетін әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) зайыбы (жұбайы);
Тармақша 2
2) кәмелет жасқа толмаған балалары;
Тармақша 3
3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар кәмелетке толған балалар жатады. Мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру берілетін әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне адамдардың тиесілігі: азаматтық хал актілерімен (некені тіркеу, туу туралы куәліктер), жеке басын куәландыратын құжатпен, мүгедектігі туралы анықтамамен расталады.
Тармақ 8
8. Әскери қызметшілерге, курсанттарды қоспағанда және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен жол жүру әскери қызметшінің келісілген дәлелді баянаты және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе оның азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Курсанттардың әуе көлігімен жүруі курсанттың келісілген дәлелді баянаты және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы оқу орны бастығының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Баянат тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 9
9. Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігінде мемлекет есебінен жол жүру шығыстарын өтеу: жеке басын куәландыратын құжат; отырғызу талоны; жол жүру құжаты; фискалдық чек; электрондық авиабилеттер берілген жағдайда – отырғызу талоны және құнының төленгенін растайтын құжат; азаматтық хал актілерінің (неке, туу туралы куәліктер) көшірмелері; мүгедектік туралы анықтама негізінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Әскери қызметшілердің әуе көлігінде мемлекет есебінен жол жүру шығыстарын өтеуі:
Тармақша 1
1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражат болған кезде – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе оның азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап екі айдан кешіктірілмей;
Тармақша 2
2) қаражат болмаған кезде – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады. _____________________