Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных водных объектов области Абай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 628-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің «Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 32/218-VIІI шешімімен бекітілді Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Арнаулы су пайдалану түрі (өлшем бірлігі) Өзен­дер, көл­дер бас­сей­ні Тұр­ғын үй пай­да­ла­ну және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (тең­ге/1000 тек­ше метр) Жы­лу энер­ге­ти­ка­сын қо­са ал­ған­да, өнер­к­ә­сіп (тең­ге/1000 тек­ше метр) Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы (тең­ге/1000 тек­ше метр) Су көз­де­рі­нен алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын то­ған ша­ру­а­шы­лық­та­ры (тең­ге/1000 тек­ше метр) Гид­ро­энер­ге­ти­ка (тең­ге/1000 кВт.са­ғат) Су кө­лі­гі (тең­ге/1000 тон­на-ки­ло­метр) Бал­қаш және Ала­көл көл­де­рі бас­сей­ні 658,92 1819,89 522,95 522,95 193,49 57,53 Ер­тіс өзе­ні бас­сей­ні 268,16 767,72 216,26 216,26 80,02 30,28