Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, осуществляющих деятельность в социальной сфере Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі сомасының елу пайызы мөлшерінде таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.