Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Денисовского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданының коммуналдық мемлекттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары үшін таза кірістің бір бөлігін мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
1. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.