Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Переходным Исламским Государством Афганистан о торгово-экономическом сотрудничестве Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 15 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YKIMЕTI МЕН АУҒАНСТАН ӨТПЕЛI ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТI АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YKIMЕTI МЕН АУҒАНСТАН ӨТПЕЛI ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТI АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi (бұдан әрi - жекелей "Тарап" және бiрге "Тараптар" деп аталатын), өзара тиiмділікке негiзделген ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды және кеңейтудi ниет ете отырып; осы Келiсiм екi мемлекеттің арасындағы жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық берiк және үйлесiмдi дамуы үшiн тиiстi және тұрақты негiз болатындығына сенiмдi бола отырып; Ауғанстанның экономикалық қалпына келуi және дамуы үшiн қолайлы жағдай жасауды ниет ете отырып; Ауғанстанға экономикалық көмек көрсетуге бағытталған халықаралық бағдарламаларға қатысудың маңыздылығын мойындай отырып; төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап Тараптар екi мемлекет арасындағы атап айтқанда, өнеркәсiп, табиғи ресурстарды барлау және өндiру, технологиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне және өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес екi мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың әртүрлi нысандарын дамытуға жәрдемдесетiн, сондай-ақ өзара келiсiм арқылы осы ынтымақтастықтағы кез келген кедергiлердi еңсеретiн болады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұлттық экономикалық бағдарламаларға қатысты ақпаратпен, өзара қызығушылық тудыратын басқа да ақпаратпен алмасуды жүзеге асыратын, болады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Егер, коммерциялық мәмiледе тараптар болып табылатын екi мемлекеттің жеке және/немесе заңды тұлғалары арасында өзгеше көрсетiлмесе, екi мемлекет арасындағы тауарларға және көрсетiлетiн қызметтерге барлық төлемдер мен ақша аударымдары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес және халықаралық рыноктың бағалары мен стандартты шарттарына сәйкес еркiн айналымдағы валютамен жүзеге асырылатын болады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар өз мемлекеттерiнің ұлттық заңнамалары шеңберiнде екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жүктердің және жолаушылардың транзитiн дамыту үшiн өзара қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететiн болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тауарларды өзара жеткiзу Тараптар мемлекетiнің ұлттық заңнамасына және бағаға, сапаға, жеткiзiмдер мен төлем шарттарына қатысты белгiленген коммерциялық практикаға сәйкес Тараптардың жеке және заңды тұлғалары арасында жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте Тараптар уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң жеке және заңды тұлғалары арасында жасалған келiсiм-шарттардан туындайтын мiндеттемелер жөнiнде жауап бермейдi.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру мақсатында екi мемлекет өкiлдерiнен тұратын сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-ауған комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құруға келiстi.
Тармақ 2
2. Комиссия қажеттiлiгiне қарай, Тараптар мемлекеттерi бiрiнің аумағында кезек-кезегiмен кездесулер өткiзетiн болады.
Тармақ 3
3. Комиссия екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу және оны кеңейту үшiн:
Тармақша а
а) Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы сауда-экономикалық инвестициялық ынтымақтастықты қолдаудың және дамытудың жолдары мен құралдарын қарайтын болады;
Тармақша б
б) сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында Тараптар арасында жасалған халықаралық шарттардың, уағдаластықтардың немесе басқа келiсiм-шарттардың орындалуының iлгерлеуiн қарайтын, сондай-ақ осындай шарттарды орындау процесiнде туындауы мүмкiн проблемаларды шешудің жолдарын ұсынатын болады;
Тармақша в
в) сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатын салаларды айқындайтын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарына ұсынымдар беретiн болады;
Тармақша г
г) екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа кедергi болатын проблемаларды айқындайтын және оларды шешу үшiн шаралар ұсынатын болады;
Тармақша д
д) екi Тараптың қажеттiлiгi бойынша экономикалық көмек көрсету және Ауғанстанның экономикалық жүйелерiн қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды қарастыратын болады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келiсiмдi түсіндiруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен реттелетiн болады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Тараптар осы Келiсiмге тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн және Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады. Мұндай өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң 10-бабының 1-тармағында белгіленетiн тәртiппен күшiне енедi.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Тараптар бiр-бiрiн хабардар ететiн соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейiн осы Келiсiм отызыншы күнi күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм, егер Тараптардың бipeуi екiншi Тарапты жазбаша нысанда тиiсiнше хабардар ету жолымен оның күшiн тоқтату туралы ниетiн білдiрмесе, екi жыл бойы күшiнде болады және өздiгiнен ұзартылған болады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiрi екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алған күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Келiсiмнің күшi жойылады. Күн тiзбесi бойынша құжыраның 1383 жылының 27 Хамалына сәйкес келетін 2004 жылғы 15 сәуiрде әрқайсысы қазақ, дари, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада қол қойылды, әрi барлық мәтiндер бiрдей. Түсiндiру кезiнде ауытқушылықтар болған жағдайда, Тараптар Келiсiмнiң ағылшын тiлiндегi мәтiнiне жүгiнетiн болады.