Об утверждении Правил ведения личного кабинета Қолданыста
Басқа 0
Жеке кабинетті жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеке кабинетті жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жеке кабинетті жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 18
бұйрығымен бекітілген
Жеке кабинетті жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жеке кабинетті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және жеке кабинетті жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жеке кабинет – пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) уәкілетті органның Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы (бұдан әрі – Портал), оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші – жеке кабинетке тіркелуге ниеттенетін тұлға;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Тармақ 3
3. Пайдаланушылар (қаржы мониторингі субъектілері) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат пен мәліметтердің бар-жоғына қарамастан Порталдағы жеке кабинетте тіркеледі.
Тарау 2. 2-тарау. Жеке кабинетті жүргізу тәртібі
2-тарау. Жеке кабинетті жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Өтініш беруші жеке кабинетте тіркелген кезде Порталда жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН/БСН) енгізеді.
Портал өтініш беруші енгізген ЖСН/БСН-ді қаржы мониторингі субъектісі қызметінің түрлеріне автоматтандырылған режимде сәйкестік тұрғысынан салыстырады.
Тармақ 5
5. Өтініш берушінің қызметі қаржы мониторингі субъектілері түрлеріне сәйкес келген жағдайда жеке кабинет авторизацияланады және пайдаланушы (қаржы мониторингі субъектісі) ұйым туралы, ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адамдар және жұмыскерлер (болған жағдайда) туралы мәліметтерді қамтитын деректерді толтыруға жіберіледі.
Толтырылған деректердің дұрыстығы пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы расталады.
Тармақ 6
6. Өтініш берушінің қызметі қаржы мониторингі субъектілері түрлеріне сәйкес келмеген жағдайда, Порталда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның электрондық поштасына растау құжаттарын жіберу қажеттігі туралы терезе көрсетіледі.
Растайтын құжаттар:
лицензия, қызметтің басталғаны туралы хабарлама, кәсіби біліктілігін куәландыратын сертификат, ұйымдарға міндетті мүшелігін/қатысуын растайтын құжат (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай міндеттемелер болған кезде);
заңды тұлғаның жарғысы (бар болса) болып табылады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган растайтын құжаттарды қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) жеке кабинетті авторизациялау туралы;
Тармақша 2
2) жеке кабинетті авторизациялаудан уәжді бас тарту туралы.
Жеке кабинетті авторизациялаудан уәжді бас тарту туралы шешім өтініш берушінің растайтын құжаттары қаржы мониторингі субъектілерінің түрлеріне сәйкес келмеген жағдайда қабылданады және оның электронды мекенжайына жолданады.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке кабинетті авторизациялаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдануға құқылы.
Тармақ 8
8. Пайдаланушылар (қаржы мониторингі субъектілері) жеке кабинетінде:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін;
Тармақша 2
2) ішкі бақылау қағидаларын;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнаманы білуін тестілеуден өткені туралы сертификатын орналастырады.
Тармақ 9
9. Жеке кабинет пайдаланушылардың (қаржылық мониторинг субъектілерінің) Заңмен белгіленген қаржы мониторингін жүзеге асыру үшін қажет ақпараттарға және құжаттарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Пайдаланушылар (қаржы мониторингі субъектілері) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді, ақпаратты, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнамада белгіленген талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды жеке кабинет арқылы ұсынады.