Об установлении норматива отчисления части чистого дохода Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таза кірістің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Жітіқара ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.