О внесении изменения в административно-территориальное устройство Глубоковского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, «Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөніндегі ұсыныс енгізу туралы» Глубокое ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 360 қаулысы мен Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 қазандағы № 26/6-VIII шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Малоубинка ауылдық округінің Карагужиха кенті өзге қоныстар санатына жатқызылсын; Карагужиха қонысы Малоубинка ауылдық округі Малоубинка ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.