Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление общественного развития Туркестанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Түркістан облысы әкімдігінің
2025.жылғы «___» ________
№___ қаулысына қосымша
«Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Түркістан облысының мемлекеттік идеология, этносаралық қатынастар, жастар, ақпараттық және қоғамдық саясаттар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомостволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 20-ғимарат, пошталық индексі 161200.
Тармақ 10
10. Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер басқарманың заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3)Түркістан облысы аумағында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік идеологияны іске асыру, мемлекеттілікті бекемдеп, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, жастардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі міндеттерін іске асырудың тиімділігін арттыру, өңірдегі этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
құқықтары:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу;
Тармақша 3
3) облыс әкіміне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
міндеттері:
өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына заң аясында жауап беру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсыpысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізу;
Тармақша 3
3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсыну;
Тармақша 4
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 6
6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 7
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына шығару;
Тармақша 9
9) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің ұсыныстары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік гранттар қалыптастыру;
Тармақша 10
10) облыс аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (тігілуін, орналастырылуын) бақылау жүргізу;
Тармақша 11
11) облыстық мемлекеттік рәміздер комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжамдау;
Тармақша 15
15) әлеуметтік тәуекелдер картасын қалыптастыру және өзектендіру;
Тармақша 16
16) әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
Тармақша 17
17) қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 18
18) облыста, оның ішінде этносаралық қатынастар саласында болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді, олардың даму үрдістерін тұтастай жүйелі, объективті зерделеуді, жинақтауды, талдауды және болжауды қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) өңірлік деңгейдегі этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жетілдіруге жәрдемдесу;
Тармақша 20
20) өз құзыреті аясында мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 21
21) этносаралық қатынастардың жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар тұжырымдайды және практикалық шараларды іске асыру;
Тармақша 23
23) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және өзге де шаралар өткізу;
Тармақша 24
24) аналар кеңестерін, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді отбасы институтын, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, қазақстандық қоғамдағы достық пен бірлікті дәріптеуге және нығайтуға тарту;
Тармақша 25
25) облыстық Ассамблеяның сессиясы мен кеңесін өткізуді және олардың құзыреттерін іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) тиісті құрылымдық бөлімшелермен, азаматтармен, бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп отбасы мен жастардың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 29
29) облыс әкімдігіне жастар ресурстық орталықтарын құру туралы ұсыныс енгізу, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
Тармақша 30
30) мемлекеттік жастар саясаты, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша және конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 32
32) талантты жастарды және перспективалы жастар шығармашылық ұжымдарын іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 36
36) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 37
37) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 38
38) отбасы құндылықтарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу, жастар арасында отбасылық құндылықтар бойынша кездесулерді, семинар-тренингтерді, байқауларды ұйымдастыру, жас отбасыларды әлеуметтік қолдау;
Тармақша 39
39) отбасы мен жастардың ақпараттық қауіпсіздігін, отбасылық қатынастар мәдениетін арттыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қамтамасыз ету;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 41
41) уәкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 42
42) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 44
44) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 45
45) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17..Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерiн және Басқарма қарамағындағы мекеме басшысы мен басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың құзыретіне жататын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 5
5) келісімшарттар жасасады;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) банктік есеп-шоттар ашады;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген тәртіппен меморандумды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дайындайды және оларға қол қояды;
Тармақша 9
9) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
Тармақша 10
10) қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 13
13) Басқарма қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекеменің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
Тармақша 14
14) қызметкерлердің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;
Тармақша 15
15) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 16
16) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 17
17) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 18
18) Басқарманың бөлiмдерi туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 19
19) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
Тармақша 21
21) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен, облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқарма бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдарының тізбесі:
Тармақша 1
1) «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3)ө«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 4
4) «Turkistan Media Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 5
5) Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 7
7) Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.