Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықтан өткізу үшін оқу пункттерін құру туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықтан өткізу үшін оқу пункттерін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери даярлау туралы» Қаулысына, бастапқы әскери даярлықты (бұдан әрі – БӘД) өтпеген әскер жасындағы жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі қызметке сапалы дайындауға сәйкес:
Тармақ 1
1. Әскер жасындағы жастардың бастапқы әскери даярлығын өткізу үшін, ауданның орта оқу орындары жанынан оқу пункттері құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі (Саят Қазтайұлы Қазтаев) оқу пункттеріне аудандық әскери комиссариаты ұсынған тізімдеріне келісті әскер жасындағы БӘД курсын өтпеген жастарды тіркелсін.
Тармақ 3
3. Оқу орындар басшылары оқу пункттерінде оқу-сабақтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1-ші қарашадағы № 1340 ««Бастапқы әскери даярлау туралы» Қаулысының 20-ші тармағына келісті 60 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізсін.
Тармақ 4
4. Әскер жасындағы жастарды оқу пунктеріндегі оқу-сабақтарына келулеріне бақылау жасау осы жасөспірімдер жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Жастар ісі және спорт жөніндегі бөлімінің бас маманы (Елеусіз Тәжібайұлы Дүйсембеков) әскер жасындағы жастардың дене тәрбиесін ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. Әскер жасындағы оқу пункттерінде БӘД бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алу үшін № 1 қосымшаға келісті комиссия құрамы құрылсын.
Тармақ 7
7. Оқу пункттерінде сынақ алуды ұйымдастыру, бақылау жасау аудандық әскери комиссариатқа (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) жүктелсін.
Тармақ 8
8. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі (Саят Қазтайұлы Қазтаев), аудандық әскери комиссары (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты 2005 жылдың 30 маусымында аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Аудан әкімиятының 2003 жылға 12 тамыздағы № 33/3 «Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықтан өткізу үшін оқу пункттерін құры туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркеу нөмірі 1282, № 36 аудандық «Сарыарқа» газетінде 2003 жылдың 6 қыркүйегінде жарияланған).
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковке жүктелсін.