Об утверждении типовой формы контракта о прохождении воинской службы в резерве Қолданыста
Басқа 0
Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы
келісімшарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 174-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1704
бұйрығымен бекітілген
Тармақ 1
1. Осы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт
__________________________________________________________________________________________
(азаматтың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),
__________________________________________________________________________________________
туған жылы, күні және айы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
және______________________________________________________________________________________
(уәкiлетті лауазымды адамның әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
арасында 3 (үш) жыл мерзімге жасалды.
Тармақ 2
2. ____________________________________________________________________________________
(азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) осы келісімшартта белгіленген мерзім ішінде резервтегі әскери қызметті өткеруге;
Тармақша 3
3) жеке басының қауіпсіздігін және өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғану құралдарын мақсаты бойынша қолдануға және пайдалануға;
Тармақша 4
4) халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалға қатысуға;
Тармақша 5
5) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындауға;
Тармақша 7
7) өзіне сеніп тапсырылған қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысында белгіленген мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдауға;
Тармақша 11
11) әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 12
12) әскери қызметшінің жеке мүддесі өзінің лауазымдық өкілеттіктерімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайда жазбаша түрде баянат беруге және командирді (бастықты) дереу хабардар етуге;
Тармақша 13
13) әскери қызмет мүддесiне нұқсан келтiретiн жария сөз сөйлеуге жол бермеуге;
Тармақша 14
14) командирді (бастықты):
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өзіне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті және (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
Тармақша 15
15) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндеттенеді.
Тармақ 3
3. ____________________________________________________________________________________
(азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тармақша 1
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай төлеммен, заттай мүлікпен, жабдықталымның басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 2
2) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескеріп, қызметі бойынша жоғарылауға;
Тармақша 3
3) жоғары лауазымды адамдардың оларға қатысты қабылданатын шешімдері мен əрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сот тәртібімен шағымдануға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына оқуға түсуге, курстық даярлықтан, кəсіби даярлықтан, қайта даярлықтан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша оқуға түсуге;
Тармақша 5
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сәйкес келетін қызмет жағдайларына;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
Тармақша 7
7) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген толық көлемде бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етілуге;
Тармақша 8
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде арнайы құралдарды, қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
Тармақша 9
9) олардың құқықтарын, лауазымдық және арнайы міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
Тармақша 10
10) жеке ісіне енгізгенге дейін олардың қызметтік ісі туралы пікірлермен және басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер бар арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ жеке іске олардың жазбаша түсініктемелерін және басқа да құжаттар мен материалдарды тіркеп қосуға;
Тармақша 11
11) өзінің және өз отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
Тармақша 12
12) әскери қызмет ерекшеліктерін ескеріп, тиісті ұйымдық-техникалық және санитариялық жағдайға;
Тармақша 13
13) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтануға;
Тармақша 14
14) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталуына құқылы.
Тармақ 4
4. Мен, ___________________________, резервтегі әскери қызметке ерікті түрде кіріп, әскери қызметтің зиянды және қауіпті жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілер құқықтарының шектеулері туралы ескертілдім.
Тармақ 5
5. Осы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшарт ______ данада мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ уәкілетті лауазымды адамның бұйрығы шыққан күннен бастап күшіне енеді және ол мерзім өткеннен кейін, әскери қызметшінің мерзімінен бұрын қызметтен шығуына байланысты, әскери қызметші әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт немесе резервтегі әскери қызметті өткеру туралы басқа келісімшарт жасасқан күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайда өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 6
6. Осы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Тармақ 7
7. Осы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшарттың бір данасы резервтегі әскери қызметке кірген адамға беріледі.
Тармақ 8
8. Қосымша шарттар _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________
__________________________________
__________________________________
(уәкiлетті лауазымды адамның әскери
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_________________________________
(жеке қолтаңбасы)
М.О.
20____ жылғы «__»____________
________________________________
________________________________
(азаматтың әскери атағы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
(жеке қолтаңбасы)
20____ жылғы «__» ____________
Тармақ 9
9. Тараптардың қолтаңбалары