Об утверждении Положения о научно-техническом совете Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және 17-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылым және инновациялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасының міндетін атқарушы 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 83 - н/қ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тармақ 3
3. ҒТК Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2 тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары
2 тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. ҒТК қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
Тармақша 1
1) ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы заңнамалық актілерін жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жіберетін қаражатты аудару мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шараларды іске асыру;
Тармақша 6
6) салалық ғылыми ұйымдар мен технологиялық және инновациялық қызмет ұйымдарын дамытуға ұсыныстар әзірлеу және қатысу.
Тармақ 6
6. ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру мәселелері туралы: Агенттіктің ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттері мен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында мамандандырылған бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Агенттіктің реттелетін салаларындағы жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді; Агенттіктің реттелетін салаларындағы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған техникалық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді; жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жіберілген өтініштерді қарайды; ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалары, даму дәрежесі, қаржыландырудың сұралатын көлемінің экономикалық орындылығы жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік технологиялық саясат мәселелері және атом энергиясын пайдалану саласындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша: Агенттіктің реттелетін салаларындағы мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді; Агенттіктің реттелетін салаларындағы технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді; Агенттіктің реттелетін салаларындағы атом энергиясын пайдалану саласындағы инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді; Агенттіктің реттелетін салаларындағы инновациялық жүйені және инновацияларды мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; реттелетін бағыттар бойынша мемлекеттік технологиялық саясат жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді; негізгі (басымдық) технологияларды, технологиялық құзыреттің салалық орталықтарын, мақсатты технологиялық бағдарламаларды және атом энергиясын пайдалану саласындағы технологиялық платформаларды ұйымдастыруды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді; технологияларды іздеу жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды анықтау және нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстар әзірлейді; инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау, одан әрі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді.
Тармақша 3
3) Ғылым мен техниканы қолдауға және дамытуға пайдалы қазбаларды өндіру шығынының 1% (бір пайызы) мөлшерінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 212-бабы 1-тармағының 2) сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар қаражатынан қаржыландыру мәселелері бойынша: жыл сайын 1 қарашаға дейін Агенттіктің реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларының басым бағыттарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және оны өзектендіреді; Тізбеге сәйкес Агенттік ұсынған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмаларды және цифрландыру жобаларын қарайды және келіседі.
Тармақша 4
4) Агенттіктің міндеттерін орындау шеңберіндегі өзге де мәселелер: ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарайды және келіседі; ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерді тыңдайды; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, жоғары оқу орындарымен, жер қойнауын пайдаланушылармен, кәсіпкерлік субъектілерімен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін қарайды; Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы, сондай-ақ Агенттіктің реттелетін салаларындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарайды және әзірлейді; Агенттіктің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, мәселелерді қарайды.
Тарау 3. 3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру
3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. ҒТК құрамын Агенттік мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де заңды тұлғалардың, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және Агенттіктің бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 8
8. ҒТК Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және тұрақты мүшелерден тұрады. ҒТК құрамына Агенттіктің реттелетін салаларындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 9
9. ҒТК құрамына енгізілетін ғалымдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) ҒТК құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы;
Тармақша 3
3) Агенттіктің реттелетін салаларында ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 (бес) жыл болуы тиіс.
Тармақ 10
10. ҒТК құрамының жетпіс пайызы (70 %) жұмыс өтілі 5 (бес) жыл бар:
Тармақша 1
1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдардың өкілдерінен;
Тармақша 2
2) Агенттіктің реттелетін салаларындағы тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың өкілдерінен;
Тармақша 3
3) ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелерінен, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдерінен;
Тармақша 4
4) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің өкілдерінен қалыптастырылады.
Тармақ 11
11. ҒТК Төрағасы мен төраға орынбасары ҒТК-нің бірінші отырысында ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелерінің арасынан сайланады.
Тармақ 12
12. ҒТК Төрағасы:
Тармақша 1
1) отырыстарда төрағалық етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) даулы мәселелерді талқылауда алқалылықты қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ҒТК отырыстарын өткізудің күн тәртібін, күнін, уақытын, орнын және нысанын айқындайды;
Тармақша 4
4) ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
Тармақша 5
5) ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Төрағаның болмау мерзімінде оның функцияларын төраға орынбасары атқарады.
Тармақ 14
14. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9-дан (тоғыздан) кем емес және 25-тен (жиырма бестен) артық емес адамнан тақ саннан құралады.
Тармақ 15
15. ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарау бойынша өз қызметін жүзеге асыратын секциялар құрылады. Секциялар осы ереже шеңберінде әрекет етеді, олардың жұмыс тәртібі ҒТК шешімдерімен айқындалады.
Тармақ 16
16. ҒТК жұмысы күндізгі және сырттай отырыстар нысанында жүзеге асырылады. ҒТК отырыстары Агенттіктің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен байланыс жүйелерін пайдалана отырып өткізілуі мүмкін. ҒТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың хаттамалары, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды, есептер, актілер жұмыс органына беріледі және «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.
Тармақ 17
17. ҒТК жұмыс органы Агенттіктің Ғылым және инновациялар департаменті (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Тармақ 18
18. Жұмыс органы ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) ҒТК ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) жыл сайынғы негізде ҒТК мүшелерінен Тізбені қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жинауды;
Тармақша 3
3) отырыс өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын ҒТК мүшелеріне жіберілетін материалдарды дайындауды;
Тармақша 4
4) ҒТК жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды және орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Жұмыс органының қызметкері болып табылатын хатшы:
Тармақша 1
1) ҒТК отырыстарға материалдарды дайындауды, жинауды және жүйелеуді;
Тармақша 2
2) ҒТК мүшелеріне және шақырылған адамдарға ҒТК отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды уақтылы жіберуді;
Тармақша 3
3) отырыстардың күн тәртібін әзірлеуді, отырыстарды хаттамалауды;
Тармақша 4
4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындауды және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының 2/3-і дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болғанда, шешуші Төрағаның дауысы болады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелерінің ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.
Тармақ 21
21. ҒТК шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырыс өткізілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ҒТК төрағасы, мүшелері және Хатшы қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҒТК мүшелеріне жіберіледі.
Тармақ 25
25. Жұмыс органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Агенттікке және ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 26
26. ҒТК отырыстарының материалдарында қамтылған таралуы шектелген құпия және өзге де ақпарат жария етуге және (немесе) рұқсатсыз пайдалануға жатпайды. Таратылуы шектелген құпия және (немесе) өзге де ақпаратты қамтитын материалдарды ҒТК қарауына шығарған кезде ұсынылатын ақпаратты жария етпеу туралы келісімнің болуы олармен ҒТК мүшелерінің танысуы үшін міндетті шарт болып табылады.
Тармақ 27
27. Осы ереже, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар Агенттіктің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.