О некоторых вопросах административно-территориального устройства Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы, Тереңкөл, Железин, Павлодар, Успен аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Ақсу қаласының, Тереңкөл, Железин Павлодар, Успен аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ақсу қаласы бойынша Достық ауылдық округінің Кіші Парамоновка ауылы таратылсын және оның аумағын Достық ауылдық округінің Достық ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Тармақша 2
2) Тереңкөл ауданы бойынша:
Береговое ауылдық округінің Луговое ауылы таратылсын және оның аумағын Береговое ауылдық округінің Осьмерыжск ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Ивановка ауылдық округінің Новоспасовка ауылы таратылсын және оның аумағын Ивановка ауылдық округінің Ивановка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Тармақша 3
3) Железин ауданы бойынша Прииртышск ауылдық округінің Груздевка ауылы таратылсын және оның аумағын Прииртышск ауылдық округінің Үрлітөбе ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Тармақша 4
4) Павлодар ауданы бойынша:
Рождественка ауылдық округінің Максимовка ауылы таратылсын және оның аумағын Рождественка ауылдық округінің Розовка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Ефремовка ауылдық округінің Даниловка ауылы таратылсын және оның аумағын Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын;
Ефремовка ауылдық округі Ефремовка ауылы болып қайта құрылсын;
Тармақша 5
5) Успен ауданы бойынша Қоңырөзек ауылдық округінің Чистополь ауылы таратылсын және оның аумағын Қоңырөзек ауылдық округінің Вознесенка ауылының құрамына енгізе отырып, есептік деректерден алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.