О переименовании некоторых улиц города Курчатов области Абай Қолданыста
Басқа 0
Абай облысы Курчатов қаласының
кейбір көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Курчатов қаласының көшелерін қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы» бірлескен Курчатов қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 110 қаулысы мен Курчатов қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 31/200-VIII шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қаласының:
Победа көшесі – Жеңіс көшесі;
Степная көшесі – Бұлақ көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы мен Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.