О создании коммунального государственного учреждения «Центр поддержки семьи» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Житикаринского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «___» ____________ № _____ қаулысымен бекітілген «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Орталық Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 желтоқсандағы № 280 «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы негізінде құрылды.
Тармақ 3
3. Орталықтың құрылтайшысы Жітіқара ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 4
4. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
Тармақ 5
5. Орталықтың атауы: «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Орталықтың орналасқан жері: индекс 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.
Тарау 2. 2. Орталықтың заңдық мәртебесі
2. Орталықтың заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде Орталықтың атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.
Тармақ 8
8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 9
9. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 11
11. Орталық қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
Тармақ 12
12. Орталық қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Тармақ 13
13. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 2
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 3
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
Тармақша 5
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 8
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.
Тармақ 14
14. Орталықтың осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: мемлекеттік басқару органының, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Орталықты басқару
4. Орталықты басқару
Тармақ 16
16. Орталықты жалпы басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) Орталыққа мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) Орталықтың қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) Орталық мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Орталықтың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 5
5) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
Тармақша 10
10) Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Орталық басшысы мемлекеттік басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Басшы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 22
22. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен;
Тармақша 1
1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік, өзге де ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Орталықтың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 10
10) Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Орталық мүлкін құны оның балансында айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
Тармақ 24
24. Орталықтың өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Орталықтың қызметі жергілікті (аудандық) бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 26
26. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 27
27. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
Тармақ 28
28. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 29
29. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркеу рәсімінен өтеді.
Тарау 8. 8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 30
30. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік заңды тұлға заңнамалық актілерде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 32
32. Орталықты қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Тармақ 34
34. Таратылған Орталықтың мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Басшының м.а. ________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған кезде) (қолы)