Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың cхемасы мен тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1 Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тарбағатай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмектеп орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 1 - қосымша Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмектеп орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Басқа 5. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Асусай мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 2 - қосымша Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Асусай мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Басқа 6. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 3 - қосымша Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Басқа 7. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 4 - қосымша Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Басқа 8. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 5 - қосымша Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Басқа 9. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 6 - қосымша Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.
Басқа 10. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына 7 - қосымша Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
1-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 1
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
Тармақ 4
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
Тармақ 5
5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
Тармақ 8
8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
Тармақ 9
9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Тармақ 10
10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
Тармақ 11
11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
Тармақ 12
12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) салонда тұруына және жүруiне;
Тармақша 2
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
Тармақша 3
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
Тармақша 4
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
Тармақша 5
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
Тармақша 6
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
Тармақша 7
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
Тармақша 8
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
Тармақша 9
9) есiктердi ашуына;
Тармақша 10
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
Тармақ 16
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: біреуі - автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екіншісі- автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Тармақ 17
17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
Тармақ 18
18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) есiкке қарай қозғалғанда итерiсуiне, төбелесуіне;
Тармақша 2
2) баспалдақтардан секiруiне;
Тармақша 3
3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
Тармақша 4
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
Тармақ 19
19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
Тармақша 1
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
Тармақша 2
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.
Тарау 2. 2-тарау. Қорытынды ережелер
2-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 20
20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.