Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге
арналған тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (тіркелген № 32987 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде), Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және алеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ.Дәукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Зеренді ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «____» ___________
№ ________ қаулысына
қосымша
Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№
Мекемелердің түрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі
(теңге)
1.
Үйде қызмет көрсету
3144