О присвоении наименований безымянным составным частям города Хромтау Қолданыста
Басқа 0
Хромтау қаласының атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31- баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабына және 2025 жылғы 3 қыркүйектегі Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының № 3 қорытындысы негізінде Хромтау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұхамбеткали Сарбасов және Хами Қаналин есімдері берілсін;
Тармақ 2
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Хромтау ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.