Об утверждении перечня систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста
Басқа 0
Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 бұйрығымен бекітілген Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны
субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің
тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
«09» желтоқсандағы
№ 325 қаулысына
қосымша
Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны
субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің
тізбесі
Сумен жабдықтаушы ұйымның атауы
Сумен жабдықтау жүйесінің атауы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Есіл су» филиалы
Булаев топтық су құбыры
Преснов топтық су құбыры
Соколов топтық су құбыры
Есіл топтық су құбыры
«Жамбыл су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Екатериновка – Сәбит – Святодуховка – Зеленая Роща – Светлое – Чапаевка» топтық су құбыры
«Пресноредуть – Нұрымбет – Макарьевка»
топтық су құбыры
«Озерное – Бауман – Қарақамыс – Жаңажол» топтық су құбыры
«Калиновка – Будённое – Кабань» топтық су құбыры
«Благовещенка» жергілікті су құбыры
«Үлгі» жергілікті су құбыры
«Майбалық» жергілікті су құбыры
«Богдановка» жергілікті су құбыры
«Амангелді» жергілікті су құбыры
«Петровка» жергілікті су құбыры
«Рождественка» жергілікті су құбыры
«Қызылту Су Арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Есдәулет жер асты кен орны» жергілікті су құбыры
«Тарлан 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Новоишимское» жергілікті су құбыры
«Рузаевка» жергілікті су құбыры
«Чистополье» жергілікті су құбыры
«Камкор Есиль» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
«Корнеевка» жергілікті су құбыры