Об определении Национального оператора космической системы дистанционного зондирования Земли Қолданыста
Басқа 0
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.