Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Казталовского района Күшін жойған
Басқа 0
Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына және Казталов аудандық төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 4-12/12 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Р.Имангалиев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.