Об утверждении Правил надлежащей проверки клиента (его представителя), бенефициарного собственника в скоринговом модуле Қолданыста
Басқа 0
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру қағидаларын бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағы 2-2) тармақшасының сегізінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік
иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру қағидалары
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік
иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісті тексеру қағидалары Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (бұдан әрі - Заң) Заңының 5-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасының сегізінші бөлігіне сәйкес әзірленген және скорингтік модульде клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) скорингтік модуль – клиенттің (оның өкілінің) тәуекелін айқындау үшін әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты қамтитын, қаржы мониторингі субъектілері ерікті түрде пайдаланатын автоматтандырылған жүйе;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Тармақ 3
3. Скорингтік модульде жеке деректерді көрсетпестен, қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері (олардың өкілдері) жүзеге асырған шекті және күмәнді операциялардың саны туралы жиынтық деректерді қамтитын дербестендірілмеген ақпарат болады.
Тармақ 4
4. Қаржы мониторингі субъектілері скорингтік модуль арқылы клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін мына жағдайларда тиісті тексеруден өткізеді:
Тармақша 1
1) клиентпен (оның өкілімен) іскерлік қатынастар орнату кезінде;
Тармақша 2
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу кезінде, соның ішінде күмәнді операциялар бойынша;
Тармақша 3
3) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда.
Тармақ 5
5. Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеру клиент ұсынған немесе өзге дереккөздерден алынған ақпарат пен (немесе) құжаттар негізінде, соның ішінде скорингтік модуль нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Скорингтік бағалау критерийлері жасалған операциялардың жиілігі, көлемі мен бағыты туралы деректерді терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелері бойынша тексеру нәтижелерін қамтиды.
Тармақ 7
7. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ете отырып, скорингтік модульді өздерінің ақпараттық жүйелерінде ерікті түрде пайдаланады.
Тармақ 8
8. Скорингтік модульдің нәтижелері ұсынымдық сипатта болады және клиенттер (олардың өкілдері) мен (немесе) операциялардың тәуекел деңгейін алдын ала бағалау мақсатында пайдаланылады.