Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № KZ56VBG01690032 «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастырудың жерге орналастыру жобаларын бұйрығы туралы және жерге орналастыру жобасын бекіту негізінде, Новоселов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новоселов ауылдық округі, Новоселов ауылының аумағында орналасқан, ауданы – 0,8183 гектар бөлінетін жер учаскесіне Су құбыры желілерін күтіп ұстау және пайдалану үшін сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.