Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунальных государственных учреждений «Молодежный ресурсный центр» и «Центр обучения языкам» отдела внутренней политики и развития языков Шортандинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне (оның ішінде А1/3, А2/3, А3/3, В2/1, В2/4, В3/4, С2, С3 санаттарындағы қызметкерлерге) лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х. Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы № ________ қаулысына қосымша Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары.
Тармақ 2
2. Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақыдан (оның ішінде А1/3, А2/3, А3/3, В2/1, В2/4, В3/4, С2, С3 санаттарының қызметкерлері) бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік басқару органы-жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
Тармақ 4
4. Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
Тарау 2. 2 тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
2 тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 5
5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 7
7. Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және т.б.).
Тармақ 8
8. Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Шортанды ауданының бюджеті, сондай-ақ кәсіпорындардың меншікті қаражаты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік басқару органы мемлекеттік органдардың штаттан тыс қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлері үшін мемлекеттік мекеменің және ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.
Тарау 3. 3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Шортанды ауданының бюджетінен ынталандыру үстеме төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Шортанды ауданының мәслихатына жібереді.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
Тармақ 16
16. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.
Тармақ 17
17. Тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда ынталандырушы үстемеақылар төленбейді.