Об участии центрального депозитария в создании и деятельности юридических лиц Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Құрылуы мен қызметiне орталық депозитарий қатысуға құқылы екендiгi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) рейтингтiк агенттiктердiң;
Тармақша 2
2) ақпараттық-талдау қызметiн көрсететiн ұйымдардың;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдiң қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың;
Тармақша 4
4) клиринг және есеп айырысу ұйымдарының;
Тармақша 5
5) сауда-саттықты ұйымдастырушылардың;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi:
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерi мен орталық депозитарийге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.