О переименовании некоторых составных частей города Актобе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысының негізінде, Ақтөбе қаласының тиісті аумақтарындағы халықтың пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының мына құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Тармақша 1
1) «Алматы» ауданы бойынша: Безымянный Тупик көшесі – Ерулік көшесі; Телефонный көшесі – Қосалқа көшесі; Песочный көшесі – Қарақұм көшесі; Короткий тұйық көшесі – Қаратас көшесі; Тополинный көшесі – Сағыз көшесі; Заречный көшесі – Талас көшесі; Клубный көшесі – Торғай көшесі; Береговой көшесі – Қаратал көшесі; Орский көшесі – Қорғалжын көшесі; Мичурин көшесі – Ақшоқы көшесі; Рентгензаводской көшесі – Манысай көшесі; Дальний тұйық көшесі – Наурызым тұйық көшесі; Элеваторский тұйық көшесі – Шырайлы тұйық көшесі; Южный көшесі – Өрнек тұйық көшесі;
Тармақша 2
2) «Астана» ауданы бойынша: Овражный көшесі – Арна көшесі; Луговой көшесі – Майбұлақ көшесі; Железнодорожный көшесі – Ақдала көшесі; Автотранспортный тұйық көшесі – Кеген тұйық көшесі; Алмазный тұйық көшесі – Шынарым тұйық көшесі; Казанский тұйық көшесі – Тұмар тұйық көшесі; Литейный тұйық көшесі – Ақдидар тұйық көшесі; Театральный тұйық көшесі – Баянтау тұйық көшесі; Транспортный тұйық көшесі – Арғымақ тұйық көшесі; Ярославский тұйық көшесі – Көктал тұйық көшесі.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.