Об утверждении стандарта организации оказания паллиативной медицинской помощи детскому населению в Республике Казахстан и о внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 126-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 166 Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Cтандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
Тармақша 2
2) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
Тармақша 3
3) мультипәндік тәсіл – баланың физикалық жай-күйін, оның психоәлеуметтік қажеттіліктерін, бала мен отбасының күтулерін кешенді бағалау негізінде дерт азабын жеңілдету немесе оның профилактикасы мақсатында әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерді, сондай-ақ мейіргерлерді, әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды тарту арқылы паллиативтік медициналық көмек көрсетудің ұйымдастыру қағидаты;
Тармақша 4
4) мультипәндік топ (бұдан әрі – МПТ) – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Тармақша 5
5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
Тармақша 6
6) медицина қызметкері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке адам;
Тармақша 7
7) өмір сапасы – пациенттің физикалық, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік қызметінің интегралдық сипаттамасы;
Тармақша 8
8) паллиативтік көмек – ауыр және жазылмайтын аурулары (жай-күйлері) бар пациенттердің тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған медициналық, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді, рухани қолдауды қамтитын көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 9
9) паллиативтік медициналық көмек – радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағыттылған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 10
10) хоспис – ауыр және жазылмайтын аурулары (жай-күйлері) бар пациенттерге, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдарға стационар жағдайында паллиативтік көмек (медициналық, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, рухани қолдау) көрсететін ұйым.
Тармақ 3
3. Балалар халқына паллиативтік медициналық көмек жазылмайтын науқастарға медициналық күтім жасау мақсатында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. ТМККК-дан тыс паллиативтік медициналық көмек ақылы негізде шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру және Кодекстің 202-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Балаларға паллиативтік медициналық көмек клиникалық хаттамалар негізінде, олар болмаған жағдайда қосымшаға сәйкес аурудың немесе жай-күйдің санаттарына сәйкес дәлелдеу қағидаттарын ескере отырып, ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Балаларға паллиативтік медициналық көмек осы стандартқа және 2-қосымшаға сәйкес аурудың немесе жай-күйдің санаттарына сәйкес бейіні бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың басқа да стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Меншік нысанына қарамастан, халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар «Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) бұйрығына, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бекітілген есепке алу және есеп беру нысандарына және «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес пациенттер бойынша деректерді ақпараттық жүйелерге, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – МАЖ) уақтылы енгізуді, сондай-ақ медициналық құжаттаманы жүргізуді және есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж пациенттер (балалар) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-89 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес негізгі ауруы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 9
9. Паллиативтік медициналық көмек алатын пациенттер (балалар) «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 (бұдан әрі – № 32 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 тіркелген) бұйрығына сәйкес ауырсыну мен зардабын жеңілдету үшін дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Есірткі, психотроптық заттарды, сондай-ақ олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың тағайындалуы бір реттік дозасы, қабылдау (енгізу) тәсілі мен еселігі, емдеу курсының ұзақтығы көрсетіле отырып, № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрықпен бекітілген медициналық есепке алу нысандарында белгіленеді.
Тармақ 12
12. Елді мекенде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәріханалар болмаған кезде амбулаториялық жағдайда пациенттерді қамтамасыз ету есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
2-тарау. Балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Тармақ 13
13. Паллиативтік медициналық көмекті меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында паллиативтік көмек көрсету үшін бейінді бөлімшеде орналасқан паллиативтік төсектерде;
Тармақша 2
2) қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында орналасқан паллиативтік бөлімшеде жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Амбулаториялық және үй жағдайларында паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін аудандық және қалалық деңгейлердегі емханалар құрылымында, сондай-ақ хоспистерде құрамында отбасылық дәрігер және (немесе) бейінді маман, МСАК орта медицина қызметкері бар мобильдік бригадалар құрылады.
Тармақ 15
15. Балалар халқына паллиативтік көмек балалар халқына паллиативтік көмек көрсететін ұйымдардың құрылымында орналасқан паллиативтік төсектерде жүзеге асырылады (хоспис).
Тарау 3. 3-тарау. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
3-тарау. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
Тармақ 16
16. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
Тармақша 1
1) балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және көрсету;
Тармақша 2
2) пациенттің (балалардың) өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде аурудың ауыр көріністерін болдырмау, жеңілдету немесе жою, аурудың асқынуларының профилактикасы мен емдеу, мейіргерлік күтім, психологиялық және әлеуметтік қолдау;
Тармақша 3
3) паллиативтік медициналық көмекке мұқтаждарды анықтау және паллиативтік медициналық көмекті көрсетуге көрсетілімдерді айқындау үшін мультипәндік топтың отырысында қарау;
Тармақша 4
4) қажеттіліктердің кең спектрін (клиникалық, жастық, психологиялық, әлеуметтік, рухани, коммуникативтік, білім беру, отбасылық) ескере отырып, мультипәндік тәсіл негізінде пациентке паллиативтік медициналық көмекті жеке жоспарлау, сондай-ақ бала мен отбасының өзгеріп отыратын қажеттіліктерін ескере отырып, жеке көмек жоспарын ұдайы қайта қарау;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру ұйымдары, олардың құрылымдық бөлімшелері арасындағы сабақтастықты сақтау;
Тармақша 6
6) қажетті дәрілік заттармен, емдік және арнайы тамақпен, медициналық бұйымдармен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) отбасы мүшелерін немесе баланың заңды өкілдерін үй жағдайында күтуге үйрету;
Тармақша 8
8) медициналық-әлеуметтік қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беру;
Тармақша 9
9) пациенттің отбасы мүшелеріне немесе баланың заңды өкілдеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беруді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) балаларға поллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамды және медициналық қоғамдастықты хабардар ету;
Тармақша 11
11) паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша коммерциялық емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Балаларға паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі
4-тарау. Балаларға паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Амбулаториялық жағдайда, оның ішінде үйде паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Амбулаториялық жағдайда, оның ішінде үйде паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 17
17. Паллиативтік медициналық көмек симптоматика терапиясын, психологиялық және әлеуметтік қолдауды және ұзақ мерзімді бөгде адамның күтімін қажет ететін негізгі аурудың жай-күйі мен болжамының ауырлығын ескере отырып, емделмейтін аурулары немесе өмір сүру ұзақтығын қысқартатын жағдайлары бар балаларға көрсетіледі (2-қосымша).
Тармақ 18
18. Балаларға паллиативтік медициналық көмек диагнозына байланысты аурудың ауырлығы мен өршуін ескере отырып, аурудың бүкіл кезеңіне көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Балаларға паллиативтік көмек көрсету көрсетілімдерін мультипәндік топ (бұдан әрі – МПТ) айқындайды, оның құрамына:
Тармақша 1
1) медициналық ұйым басшысының орынбасары;
Тармақша 2
2) аурудың бейініне байланысты бейінді маман (амбулаториялық жағдайларда пациенттің ауруының бейінін ескере отырып, бейінді маман тартылады, ал стационарлық жағдайларда емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі тартылады);
Тармақша 3
3) отбасылық дәрігер (амбулаториялық жағдайда педиатр дәрігер, ол болмаған жағдайда жалпы практика дәрігері тартылады);
Тармақша 4
4) паллиативтік көмек бойынша бас маманы (балалар) (өңірлік және (немесе) ҚР ДСМ) кіреді.
Тармақ 20
20. МПТ отырыстарында осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нозологиялар бөлінісінде паллиативтік көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдерді және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдері бар өмір сүру ұзақтығын қысқартатын немесе өмірге қауіп төндіретін аурулардың немесе жай-күйлердің санаттарын айқындай отырып баланың жай-күйін бағалау жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдердің болуы немесе болмауы туралы медициналық қорытындыны бере отырып, МПТ-да баланың жай-күйін бағалау бейінді маманның немесе отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері жүгінген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 22
22. МПТ-да баланың жағдайын бағалау нәтижелері осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қорытынды түрінде ресімделеді және МАЖ-ға амбулаториялық немесе стационарлық пациенттің медициналық картасына № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа бекітілген нысандар бойынша енгізіледі және пациенттің (баланың) ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ұсынылады.
Тармақ 23
23. МПТ-ның медициналық қорытындысы бір рет беріледі және 18 жасқа дейін немесе баланың жағдайы жақсарғанға дейін жарамды. Баланың жай-күйі жақсарған немесе жай-күйінің ауырлығы асқынған жағдайда МПТ осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдері бар, өмір сүру ұзақтығын қысқартатын немесе өмірге қауіп төндіретін аурулардың немесе жай-күйлердің өлшемшарттары бойынша жай-күйіне қайта бағалау жүргізеді. МПТ сондай-ақ баланың 18 жасқа толғанға дейін 3 ай бұрын оның жай-күйіне қайта бағалау жүргізеді және медициналық қорытынды береді, оның негізінде пациентке 18 жастан асқанда паллиативтік медициналық көмек көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Амбулаториялық жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсетуді баладағы ауру бейініне сәйкес бейінді мамандармен бірлесіп балаларға паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқытудан өткен МСАК мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Отбасылық дәрігер:
Тармақша 1
1) нозологияны, ауру ағымының ауырлығын ескере отырып, пациенттің (баланың) жай-күйін қарап тексеруді және бағалауды;
Тармақша 2
2) симптоматикалық терапияны тағайындауды;
Тармақша 3
3) пациентті (ата-аналарын, заңды өкілдерін және пациентке күтім жасауды жүзеге асыратын өзге де адамдарды) ауру ағымының сипаты мен ерекшеліктері туралы хабардар етуді;
Тармақша 4
4) МПТ медициналық қорытындысын ескере отырып, бейінді маманмен бірге пациентті емдеудің жеке жоспарын жасауды;
Тармақша 5
5) ауырсыну синдромын диагностикалау және емдеу, нутритивтік қолдау, респираторлық қолдау, тырысуға қарсы терапияны түзету мәселелері бойынша баланы бейінді маманға консультацияға жіберуді;
Тармақша 6
6) паллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша телемедициналық технологияларды қолдана отырып, дәрігерлердің консультацияларын ұйымдастыру және өткізу және (немесе) консилиумға қатысуды;
Тармақша 7
7) есірткі және психотроптық дәрілік препараттарды тағайындауды қоса алғанда, рецептілерді жазып беруді;
Тармақша 8
8) № ҚР ДСМ-89 бұйрыққа сәйкес негізгі ауруы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 9
9) «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес аурудың ауырлық дәрежесі мен ағымына қарай динамикалық байқауды;
Тармақша 10
10) Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарда паллиативтік медициналық көмек алу үшін емдеуге жатқызуға жіберуді;
Тармақша 11
11) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 (бұдан әрі – № 260 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қажетті құжаттарды қалыптастыру және дәрігерлік консультациялық комиссияның шешімі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді;
Тармақша 12
12) № ҚР ДСМ-175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарға сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Бейінді маман:
Тармақша 1
1) негізгі және қосарласқан патологиялар бойынша аурудың ауырлығымен және пациенттің (баланың) жай-күйін өршуін қарап-тексеруді және бағалауды;
Тармақша 2
2) симптоматика терапиясын тағайындау, қажет болған жағдайда «Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) пациентті (ата-аналарын, заңды өкілдерін және пациентке күтім жасауды жүзеге асыратын өзге де адамдарды) ауру ағымының сипаты мен ерекшеліктері туралы хабардар етуді;
Тармақша 4
4) МПТ-ның медициналық қорытындысын ескере отырып, отбасылық дәрігермен бірге пациентті емдеудің жеке жоспарын жасауды;
Тармақша 5
5) ауырсыну синдромын диагностикалау және емдеу, құрысуға қарсы терапияны басқа да патологиялық өзгерістерді немесе асқынуларды түзету бойынша ұсынымдарды;
Тармақша 6
6) балаға паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде үй жағдайында көмек көрсету мәселелері бойынша телемедициналық технологияларды қолдана отырып, дәрігерлердің консультацияларын ұйымдастыру және өткізу және (немесе) консилиумға қатысуды;
Тармақша 7
7) есірткі және психотроптық дәрілік препараттарды қоса алғанда, рецептілерді жазып беруді;
Тармақша 8
8) № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрыққа сәйкес аурудың ауырлық дәрежесі мен өршуіне байланысты динамикалық бақылауды;
Тармақша 9
9) стационарлық емдеуге жіберуді;
Тармақша 10
10) № 260 бұйрыққа сәйкес қажетті құжаттарды қалыптастыру және дәрігерлік консультациялық комиссияның шешімі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді;
Тармақша 11
11) № ҚР ДСМ-175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарға сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Орта медицина қызметкері:
Тармақша 1
1) пациентті (баланы) күту мәселелері бойынша ата-аналарға немесе заңды өкілдерге консультация беруді және оқытуды;
Тармақша 2
2) № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрыққа сәйкес динамикалық байқауды;
Тармақша 3
3) пациентті (баланы) үйде мейіргерлік қарап-тексеруді;
Тармақша 4
4) пациентті (баланы) патронаждық байқауды;
Тармақша 5
5) үйде стационар ұйымдастыру кезінде дәрігерлік тағайындау бойынша емшаларды орындауды;
Тармақша 6
6) № ҚР-ДСМ 175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарға сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Әлеуметтік қызметкер «Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33545 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету, медициналық және медициналық-әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алу, балаларға паллиативтік көмек көрсету үшін көрсеткіштердің болуы (болмауы) туралы медициналық қорытынды алу мәселелері бойынша әлеуметтік медициналық қызметтерді, пациенттерге, мамандарға, ата-аналарға немесе пациенттің заңды өкілдеріне әлеуметтік-құқықтық консультация беруді жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Психолог баланың және отбасы мүшелерінің эмоциялық және психологиялық проблемаларын анықтауды және бағалауды және баланы, отбасын/заңды өкілдерін, сондай-ақ баланы бақылауға, емдеуге және күтуге (сұраныс бойынша), оның ішінде қашықтықтан тартылған мамандарды одан әрі психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:
Тармақша 1
1) пациентке және оның отбасына мультипәндік тәсілге негізделген кешенді паллиативтік медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) медициналық қорытынды бере отырып, МПТ-да баланың жағдайын бағалауды;
Тармақша 3
3) пациенттің физикалық және психологиялық жай-күйін тұрақты мультипәндік бағалауды;
Тармақша 4
4) клиникалық-диагностикалық қарап тексерулердің, медициналық және медициналық емес мамандардың консультацияларының нәтижелерін талдау негізінде пациенттің өзгермелі қажеттіліктерін алқалы түрде қарауды;
Тармақша 5
5) медициналық, психологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерді алқалық (мультипәндік) талқылау негізінде пациентті емдеудің жеке жоспарын тұрақты түзетуді және жасауды;
Тармақша 6
6) паллиативтік медициналық көмек алу үшін пациенттерді емдеуге жатқызуға жіберуді;
Тармақша 7
7) аурудың ауыр көріністерін (жай-күйін) симптоматикалық емдеу және медициналық араласулар жүргізуді, сондай-ақ психологиялық, әлеуметтік және рухани сүйемелдеуді;
Тармақша 8
8) дәрілік препараттарды енгізу жоспарын анықтай отырып, олардың дозасын есептеуді, оның ішінде клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге есірткіге жатпайтын, сондай-ақ құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттары тағайындауды және қолдануды;
Тармақша 9
9) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерді тіркеу, есепке алу, медициналық құжаттаманы сапалы жүргізу және пациенттердің деректерін медициналық ақпараттық жүйелерге енгізе отырып, есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Балаларға паллиативтік медициналық көмек амбулаториялық және үй жағдайларында, оның ішінде қашықтықтан МСАК ұйымдары көрсетеді.
Тармақ 32
32. Дәрілік заттармен тұрақты (ұзақ) тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз етуді қажет ететін пациенттерге үш айға дейінгі кезеңге рецептілер жазып беруге жол беріледі.
Тармақ 33
33. Ауылдық елді мекендерде дәрігерлер болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тағайындауды пациенттерді амбулаториялық қабылдауды жүргізетін орта медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тағайындау туралы жазба МАЖ-ға енгізіледі.
Тармақ 35
35. Ауыр, үдемелі аурулардың терминалдық (соңғы) сатысында жүрген жазылмайтын науқастарға «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысымен (бұдан әрі - Тізімнің ІІ Кестесі) бекітілген медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы есірткі және психотроптық заттардың Тізімінің ІІ Кестесінде есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттар бір рецептіде терапияның 10–15 күнтізбелік күніне, ал аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен тұратындар үшін терапияның 25–30 күнтізбелік күніне жеткілікті мөлшерде тағайындауға рұқсат етіледі.
Тармақ 36
36. Құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау «Рецепттерді жазуып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау даму министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Балаларға үйде паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін амбулаториялық жағдайларда және хосписте медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымында мобильдік бригадалар құрылады.
Тармақ 38
38. Мобильдік бригаданың құрамына: педиатр дәрігер, ол болмаған кезде жалпы практика дәрігері (отбасылық дәрігер) және мейіргер (немесе фельдшер) кіреді, қажет болған жағдайда балаларға паллиативтік көмек көрсету бойынша біліктілікті арттырудан өткен бейінді мамандар (невролог, онколог, хирург, гематолог және басқалар), сондай-ақ пациент пен отбасын үйде қадағалап-қарауға мультипәндік тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қызметкер, психолог кіреді.
Тармақ 39
39. Балаларға үйде паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мобильдік бригаданың құрылымы мен штат санын медициналық ұйымның басшысы жүргізілетін жұмыс көлеміне және қызмет көрсетілетін балалар санына қарай белгілейді.
Тармақ 40
40. Мобильдік бригада:
Тармақша 1
1) баланың жай-күйін ағымдағы бағалау және аурудың ағымын ескере отырып, жай-күйін мониторингтеуді;
Тармақша 2
2) құрысуға қарсы терапияны (оның ішінде эпилепсияға қарсы, дистония, спастика және т.б.) іріктеу, түзету, мониторингтеуді;
Тармақша 3
3) тамақтануды таңдау, мониторинг, нутритивтік мәртебені түзетуді;
Тармақша 4
4) медициналық манипуляциялар мен емшаларды (инъекциялар, асқазанды жуу, клизма қою, стомаларды, зондтарды, катетерлерді ауыстыру, төсекжараларды өңдеу және т.б.) орындауды;
Тармақша 5
5) емдік дене шынықтыру және массаж курстарын жүргізу, бар дағдылар мен функциялардың деңгейін сақтау мақсатында, оңалту және абилитацияның техникалық құралдарын таңдау және бейімдеуді;
Тармақша 6
6) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда балаларды стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек алу үшін жіберуді;
Тармақша 7
7) № ҚР ДСМ-89 бұйрыққа сәйкес негізгі ауруы бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 8
8) паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, өзге де туыстарына консультация беруді;
Тармақша 9
9) өз қызметін денсаулық сақтау саласында жүзеге асыратын әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарымен, волонтерлік, қоғамдық және өзге де коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 10
10) пациентті және оған күтім жасайтын адамдарды (ата-аналарын, заңды өкілдерін, отбасы мүшелерін және т.б.) күтім жасау дағдыларына, оның ішінде медициналық техниканы пайдалануды үйретуді, сондай-ақ осындай күтім бойынша дәрігерлік ұсынымдардың орындалуын бақылауды (оның ішінде тамақтандыру, дағдарыс жағдайларында шұғыл көмек көрсету алгоритмі, дезинфекциялау, үйде паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын шығыс материалдарын және медициналық жабдықты ауыстыру мәселелері);
Тармақша 11
11) баланың заңды өкілдері емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде баланың ауруының терминалдық сатысында көмек көрсетуді;
Тармақша 12
12) баланы және отбасы мүшелерін психологиялық, психотерапевтік, әлеуметтік және рухани сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 41
41. Пациенттерге үйде мобильдік бригада паллиативтік медициналық көмек көрсеткен кезде құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды денсаулық сақтау ұйымының мобильдік бригадасының дәрігері тағайындайды. Мобильдік бригадалар құрамында дәрігерлер болмаған жағдайда құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды тағайындауды бригада фельдшері № 32 бұйрыққа сәйкес жүргізеді.
Тармақ 42
42. Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, балаларға ауруының бейініне қарамастан «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі
2-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 43
43. Паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балаларға стационарлық жағдайда медициналық көмекті ұйымдастыру «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 44
44. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін паллиативтік көмек бөлімшелері (бұдан әрі – Бөлімше) құрылады немесе бейінді бөлімше құрылымында төсектер ашылады.
Тармақ 45
45. Бөлімшенің құрылымында:
Тармақша 1
1) пациенттер үшін палаталар;
Тармақша 2
2) емшара кабинеті;
Тармақша 3
3) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды, сондай-ақ олардың прекурсорларын сақтауға арналған кабинет;
Тармақша 4
4) медициналық жабдықтарды сақтауға арналған кабинет;
Тармақша 5
5) емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған үй-жай;
Тармақша 6
6) массаж жасауға арналған кабинет;
Тармақша 7
7) меңгерушінің кабинеті;
Тармақша 8
8) дәрігерлерге арналған кабинет (ординаторлық);
Тармақша 9
9) аға мейіргер кабинеті;
Тармақша 10
10) орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлеріне арналған бөлме;
Тармақша 11
11) медициналық емес мамандарға арналған бөлме;
Тармақша 12
12) шаруа бикесінің үй-жайы;
Тармақша 13
13) тамақ дайындауға (сүт қоспалары, энтеральды тамақтану) арналған бөлме (ас үй);
Тармақша 14
14) кір киім-кешекті жинауға арналған үй-жай;
Тармақша 15
15) медицина қызметкерлеріне арналған себезгі және дәретхана;
Тармақша 16
16) балаларға арналған ванналар, себезгілер және дәретханалар;
Тармақша 17
17) қажеттілік бойынша басқа да қосалқы үй-жайлар ұйымдастырылады.
Тармақ 46
46. Пациент тәулік бойы медициналық бақылауды қажет ететін аурулар мен жағдайлар кезінде бөлімшеге (төсекке) емдеуге жатқызылады.
Тармақ 47
47. Өмірге қауіп төнген кезде пациент (бала) паллиативтік бөлімше жағдайында көмек алу мүмкіндігі жоқ болған кезде шұғыл түрде қарқынды терапия палатасына (бөлімшесіне) немесе реанимациялық бөлімшеге емдеуге жатқызылады.
Тармақ 48
48. Балалар паллиативтік төсектері республика бойынша орташа есеппен* 10 000 балаға шаққанда 0,1 төсек есебінен құрылады (*өңір деңгейінде төсекті есептеу халықтың құрылымы мен санына қарай көзделсін).
Тармақ 49
49. Бөлімшеде баланың жағдайын, эпидемияға қарсы режимді, медициналық ұйымның жұмыс режимін сақтауды ескере отырып, балаға бару және ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің онымен бірге медициналық ұйымда болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасалады.
Тармақ 50
50. Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде Кодекстің 78-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен үздіксіз білім алуға құқығы бар.
Тармақ 51
51. Балаларға стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда балаларға паллиативтік медициналық көмекті педиатр-дәрігерлер, анестезиология және реаниматология, неонатология, неврология, онкология, хирургия, гематология бойынша балалар дәрігерлері және паллиативтік көмекті көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен ауру бейініне сәйкес келетін басқа да мамандықтар бойынша мамандар көрсетеді.
Тармақ 53
53. Стационарлық жағдайлардағы паллиативтік медициналық көмек:
Тармақша 1
1) үйде көмек ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде, оның ішінде аппараттық желдету арқылы тыныс алу және оттегімен ұзақ қолдауды қажет ететін балаларға тәулік бойы медициналық бақылауды талап ететін паллиативтік медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) аурудың және жай-күйдің санаттарына сәйкес (2-қосымша) клиникалық хаттамаларға сай көрсеткіштер бойынша емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуді;
Тармақша 3
3) пациенттің клиникалық жай-күйіне және тасымалдану мүмкіндігіне қарамастан оған психологиялық қолдау көрсетуді;
Тармақша 4
4) көрсетілімдер бойынша инфузиялық және гемотрансфузиялық терапия жүргізуді;
Тармақша 5
5) симптоматика терапиясын жеке таңдауды, мониторинг және түзетуді;
Тармақша 6
6) күтім жасауды, оның ішінде профилактика және емдеу, созылмалы жараларды, жауыржаралардың, дренаждар мен стомаларға күтім жасауды, тамақтандыруды, оның ішінде энтералды зонд арқылы, парентеральды және гастростома арқылы қоректендіруді;
Тармақша 7
7) зондтарды, катетерлерді, стомикалық және трахеостомия канюльдерін, гастростомия түтіктерін орнатуды және ауыстыруды;
Тармақша 8
8) оңалту/абилитациялау бағдарламалары шеңберінде техникалық және ортопедиялық құралдарды тағайындауды, таңдауды және бейімдеуді және паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж пациенттерде жазылмайтын аурудың қайталама асқынуларының профилактикасын (бейінді мамандарды тарта отырып);
Тармақша 9
9) балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді;
Тармақша 10
10) паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балаларға және олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, сондай-ақ өзге де туыстарына психологиялық көмек көрсетуді;
Тармақша 11
11) баланы әлеуметтендіру және бейімдеу, пациент пен ата-ананы мектепте оқуға және өзіне-өзі қызмет көрсетуге дайындау, ересектерге арналған паллиативтік көмек қызметіне ауыстыруды;
Тармақша 12
12) паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, өзге де туыстарына консультация беруді және оларды ауыр науқас балаларды күту дағдыларына және медициналық бұйымдарды үйде пайдалану дағдыларына оқыту, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуді;
Тармақша 13
13) балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуде сабақтастықты қамтамасыз етуді, медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейіндегі медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды;
Тармақша 14
14) әлеуметтік қорғау органдарымен және әлеуметтік қызмет көрсету және білім беру жүйесінің ұйымдарымен, волонтерлік және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтиды.
Тармақ 54
54. Денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) Тізімнің ІІ Кестесінің құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың қоры бес күнтізбелік күн, сақтау үй-жайларында – тоқсан күнтізбелік күн қажеттілігінен аспайды. Кешкі, түнгі уақытта, сондай-ақ мереке және демалыс күндері шұғыл медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарында № 32 бұйрыққа сәйкес бес күндік қажеттіліктен аспайтын қор құрылады.
Тармақ 55
55. Пациентті стационардан шығару кезінде медициналық ұйым бекітілген жері бойынша балаға медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға активті беруді және стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндінің электрондық көшірмесін жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 56
56. Шығарылған күні медициналық ұйым мүгедек балаларды және паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж ауыр пациенттерді тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөлікте медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен пациент пен күтуші адамды үйге (қала шегінде) тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Балаларға арналған хосписте паллиативтік көмекті ұйымдастыру тәртібі
3-параграф. Балаларға арналған хосписте паллиативтік көмекті ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 57
57. Балаларға арналған хоспис – меншік нысанына қарамастан балаларға стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде паллиативтік көмек көрсететін дербес ұйым.
Тармақ 58
58. Хоспис құрылымында:
Тармақша 1
1) балаларға тәулік бойы паллиативтік көмек көрсетуге арналған төсектер;
Тармақша 2
2) үйде паллиативтік көмек көрсетуге арналған мобильді бригада;
Тармақша 3
3) қосалқы бөлімдер мен бөлімшелер: әкімшілік-шаруашылық блок, дәріхана, абилитация, сатып алу/қойма/техникалық қызмет көрсету, ұйымдастыру-әдістемелік, паллиативтік күтімге үйрету, психологиялық-педагогикалық кабинеттер, қабылдау бөлімшесі, тіркеу орны, асхана/ас үй, санитариялық бөлмелер;
Тармақша 4
4) қажеттілік бойынша – бассейн, сенсорлық бөлме, арт-терапия, музыкалық терапия бөлмелері, ойын бөлмелері, массаж жасауға арналған кабинет, ЕДШ, қоштасу бөлмелері құрылады.
Тармақ 59
59. Хоспистің құрылымы мен штат санын ұйым басшысы жүргізілетін жұмыс көлеміне және паллиативтік көмекке мұқтаж қызмет көрсетілетін балалар халқының санына қарай белгілейді.
Тармақ 60
60. Балалардың тәулік бойы болуына арналған төсектер балалардың онда болуына техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 61
61. Балаларға арналған хосписте:
Тармақша 1
1) демеуші және ауырсынуды басатын терапия жүргізу;
Тармақша 2
2) пациентті тасымалдауды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) балаларды күту, оның ішінде созылмалы жаралардың профилактикасы мен емі, дренаждар мен стомаларға күтім жасау, энтеральды зонд арқылы парентеральды және гастростомалық қоректендіруді қоса алғанда тамақтандыру;
Тармақша 4
4) зондтарды, катетерлерді орнату және ауыстыру, хирургиялық стационар жағдайында стом орнату;
Тармақша 5
5) паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балаларға және олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, сондай-ақ өзге де туыстарына психологиялық көмек;
Тармақша 6
6) пациент қайтыс болу алдында психоәлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балаларды күтуші адамдарға, ата-аналарына/заңды өкілдеріне, өзге де туыстарына консультация беру және оларды ауыр науқас балаларға күтім жасау дағдыларына және медициналық бұйымдарды, оның ішінде үйде пайдалану дағдыларына оқыту;
Тармақша 8
8) әлеуметтік қорғау органдарымен, әлеуметтік қызмет көрсету және білім беру жүйесінің ұйымдарымен, волонтерлік және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау көрсетіледі.
Тармақ 62
62. Балаларға арналған хосписте баланың жағдайын, эпидемияға қарсы режимді, ұйымның жұмыс режимін сақтауды ескере отырып, балаға бару және ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің болуына мүмкіндікті қамтамасыз ететін жағдайлар жасалады.
Тармақ 63
63. Балаларға арналған хоспис басшысы № ҚР ДСМ-175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарға сәйкес есепке алу медициналық құжаттамасын жүргізуді және есептерді ұсынуды, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы мен өңірлік және Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс мамандарының сұрауына сәйкес ай сайын және талап бойынша келіп түскен және қайтыс болған пациенттер туралы есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарды ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру және ұсынылатын қызметкерлер штаты
5-тарау. Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарды ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру және ұсынылатын қызметкерлер штаты 64.Стационарлық жағдайларда паллиативтік бөлімшенің (бөлімше/ төсектер) ұсынылатын штат нормативтері осы Стандартқа 4-қосымшада келтірілген.
Тармақ 65
65. Балаларға арналған паллиативтік бөлімшені жарақтандыруға медициналық бұйымдар осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша Паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдері бар АХЖ-10 бойынша аурулардың нозологиялық топтары мен аурулардың кодтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Туберкулез A15-A19.
Тармақ 2
2. Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ/ЖИТС) туындаған ауру B20-B24.
Тармақ 3
3. Қатерлі ісіктер С00-С97.
Тармақ 4
4. Қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар D50-D89.
Тармақ 5
5. Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы Е00-Е89.
Тармақ 6
6. Қантты диабет E10-E14.
Тармақ 7
7. Тамақтанудың жеткіліксіздігі E40-E46.
Тармақ 8
8. Жылауықты фиброз E 84.
Тармақ 9
9. Орталық нерв жүйесінің қабыну аурулары G00-G09.
Тармақ 10
10. Нерв жүйесінің аурулары G10-G98.
Тармақ 11
11. Қан айналым жүйесінің аурулары I00-I99.
Тармақ 12
12. Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары J40- J47.
Тармақ 13
13. Инфекциялық емес энтерит пен колит K50-K52.
Тармақ 14
14. Бауыр функциясының жетікіліксіздігі К72.1; К72.9.
Тармақ 15
15. Бауыр фиброзы мен циррозы K74.
Тармақ 16
16. Қысқа ішек синдромы К91.1; К91.2; К91.8.
Тармақ 17
17. Қабыну полиартропатиясы M05-M14.
Тармақ 18
18. Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы M30-M36.
Тармақ 19
19. Бүйрек аурулары N00-N99, N17-N19.
Тармақ 20
20. Неонаталдық кезең аурулары P00-P96.
Тармақ 21
21. Туа біткен даму ауытқулары Q00-Q99.
Басқа 1.2. Өмір сүру ұзақтығын қысқартатын немесе өмірге қауіп төндіретін аурулардың немесе жай-күйлер санаттары
Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша Өмір сүру ұзақтығын қысқартатын немесе өмірге қауіп төндіретін аурулардың немесе жай-күйлер санаттары
Тармақ 1
1. I санат. Куративтік емдеу мүмкін болатын, бірақ күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болмайтын аурулар немесе жай-күйлер. Пациенттердің күрделі қажеттіліктеріне байланысты паллиативтік көмек қызметтеріне рұқсат етілуі қажет болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді ремиссияға жеткен кезде немесе сәтті куративтік емдеуден кейін паллиативтік көмекке қажеттілік жоқ.
Тармақ 2
2. II санат. Мерзімінен бұрын өлім болуы мүмкін аурулар немесе жай-күйлер, алайда қарқынды емдеудің ұзақ кезеңдері өмірді ұзартуы және жақсы өмір сүру сапасын қамтамасыз етуі мүмкін.
Тармақ 3
3. III санат. Көп жылдар бойы жиі тек паллиативтік емдеу мүмкін болатын, түбегейлі емдеу нұсқалары жоқ өршитін аурулар немесе жай-күйлер.
Тармақ 4
4. IV санат. Кешенді медициналық көмекті талап ететін, сондай-ақ ауыр асқынулары бар және мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупі жоғары, оның ішінде ілеспе аурулар мен асқынулардан болатын қайтымсыз, бірақ өршімейтін аурулар. Паллиативтік көмек үздіксіз немесе эпизодтық түрде қажет болуы мүмкін. Эпизодтың басталу уақыты, оның ұзақтығы және көмек көрсетуді талап ететін эпизодтардың саны болжанбайды.
Тармақ 5
5. V санат. Ұрықта жатырішілік дамыған және жаңа туған нәрестенің ауыр жағдайда тууына және емделмейтін патологияның дамуына әкелген ауыр аурулар немесе жай-күйлер, сондай-ақ тиісті қарқынды терапияға қарамастан босану кезінде немесе жаңа туған нәрестелердің ауыр жағдайына шалдығу нәтижесінде туындаған ауыр аурулар немесе жай-күйлер.
Басқа 1.3. Мультипәндік топ отырысының хаттамасы
Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 3-қосымша нысан Мультипәндік топ отырысының хаттамасы № __ «Мультипәндік топ отырысының хаттамасы» Отырыс күні: 20 __ жылғы «__» ______ Медициналық ұйымның атауы _______________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________ Туған күні ___________________ Жынысы _____________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________ Нақты тұратын мекенжайы, телефоны _______________________ ____________________________________________________________ Диагнозы: _______________________________________________ _________________________________________________________ _________________________________________________________ _____________________________________________________________ Мультипәндік топтың қорытындысы _________________________ _________________________________________________________ _________________________________________________________ _________________________________________________________ ____________________________________________________________ Төраға ________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы) Мүшелері ____________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы) М.О.
Басқа 1.4. Балаларға арналған паллиативтік көмек бөлімшесінің 10 төсекке ұсынылатын штат нормативтері
Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 4-қосымша Балаларға арналған паллиативтік көмек бөлімшесінің 10 төсекке ұсынылатын штат нормативтері Ла­у­а­зым­ның ата­уы Штат бір­лі­гі Тө­сек са­ны Бө­лім мең­ге­ру­ші­сі 1,0 10 және одан көп тө­сек­ке Пе­ди­атр дә­рі­гер 1,0 10 тө­сек­ке Бей­ін­ді ма­ман *- дә­рі­гер 0,5 10 тө­сек­ке Ане­сте­зио­лог-ре­ани­ма­то­лог дә­рі­гер 1 тәу­лік бой­ғы пост 10 тө­сек­ке (тәу­лік бой­ғы жұ­мысты қам­та­ма­сыз ету үшін) Ре­а­би­ли­то­лог дә­рі­гер 0,5 10 тө­сек­ке Аға мей­ір­гер 1,0 10 және одан көп тө­сек­ке Па­ла­та­лық (по­ста­ғы) мей­ір­гер 1 тәу­лік бой­ғы пост 5 тө­сек­ке (тәу­лік бой­ғы жұ­мысты қам­та­ма­сыз ету үшін) Ем­ша­ра мей­ір­ге­рі 1,0 бө­лім­ше­ге Ем­дік дене шы­нық­ты­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­у­шы 0,5 10 тө­сек­ке Мас­саж мей­ір­ге­рі 0, 5 10 тө­сек­ке На­у­қа­стар­ды кү­ту жө­нін­де­гі кі­ші мей­ір­гер 1 тәу­лік бой­ғы пост 5 тө­сек­ке (тәу­лік бой­ғы жұ­мысты қам­та­ма­сыз ету үшін) Са­ни­тар 1 тәу­лік бой­ғы пост 10 тө­сек­ке (тәу­лік бой­ғы жұ­мысты қам­та­ма­сыз ету үшін) Ме­ди­ци­на­лық пси­хо­лог 0,25 10 тө­сек­ке Әле­умет­тік қыз­мет­кер 0, 25 10 тө­сек­ке * лауазымға аурудың бейініне байланысты балаларға медициналық көмек көрсететін әртүрлі бейінді мамандықтағы дәрігерлер (онкогематолог дәрігер, невролог дәрігер, пульмонолог дәрігер, гематолог дәрігер және т.б.) тартылады.
Басқа 1.5. Балалар паллиативтік бөлімшесін жарақтандыруға ұсынылатын штат нормативтері
Қазақстан Республикасында балалар халқына паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 5-қосымша Балалар паллиативтік бөлімшесін жарақтандыруға ұсынылатын штат нормативтері № Ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ата­уы* Дең­гей­іне бай­ла­ны­сты ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың са­ны ** 1 2 3 4 Пал­ли­а­тив­тік ме­ди­ци­на­лық кө­мек (бө­лім­ше) 1 Функ­ци­о­нал­дық мо­биль­ді тө­сек­тер, кі­рік­ті­рі­л­ген та­разысы бар Тө­сек са­ны бой­ын­ша Тө­сек са­ны бой­ын­ша Тө­сек са­ны бой­ын­ша Тө­сек са­ны бой­ын­ша 2 Жа­уы­р­жа­ра­ға қар­сы мат­рас 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 Пуль­сок­си­метр 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 4 Крес­ло-сыр­ғыт­қы 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 5 Ау­ру­ха­на­лық ме­ди­ци­на­лық сыр­ғыт­қы 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 6 Аэро­золь­ді ком­прес­сор­лық ин­га­ля­тор (пор­та­тив­ті небу­лай­зер) 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 7 Өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту­ге ар­нал­ған ап­па­рат ТБ ТБ ТБ ТБ 8 Ме­ди­ци­на­лық ас­пи­ра­тор (сор­ғыш) 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 9 Нео­на­тал­ды және ба­ла­лар­ға ар­нал­ған элек­трод­тар, дат­чик­тер мен ман­жет­тер жиын­тығы бар мо­ни­тор 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 3 тө­сек­ке шақ­қан­да 1 10 Қол­дан ӨЖЖ-ге ар­нал­ған ты­ныс алу қап­шы­ғы (Ам­бу) 1 1 1 1 11 Нә­ре­сте­лер мен ба­ла­лар­ға ар­нал­ған сұқ­па­лар жи­на­ғы бар ла­рин­го­скоп 1 1 1 1 12 Де­фи­брил­ля­тор 1 1 1 1 13 Шұ­ғыл кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған мо­биль­ді жаб­дық жиын­тығы 1 1 1 1 14 Ауыр на­у­қа­стар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған кө­тер­гіш бө­лім­ше­ге шақ­қан­да 1 бө­лім­ше­ге шақ­қан­да 1 бө­лім­ше­ге шақ­қан­да 1 бө­лім­ше­ге шақ­қан­да 1 15 Есірт­кі және пси­хо­троп­тық пре­па­рат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған сейф Ке­мін­де 1 Ке­мін­де 1 Ке­мін­де 1 Ке­мін­де 1 16 Ин­фу­зи­я­лық сор­ғы ТБ ТБ ТБ ТБ 17 Эн­те­раль­ды қо­рек­тен­ді­ру­ге ар­нал­ған сор­ғы (пом­па) ТБ ТБ ТБ ТБ 18 Элек­тро­кар­дио­граф ТБ ТБ ТБ ТБ * Медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері бойынша ағымдағы қажеттілікке сәйкес жүзеге асырылады. ** Жарақтандыру деңгейлері: 1-деңгей – «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) (бұдан әрі – Желі нормативі) бұйрығына сәйкес айқындалатын денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес аудандық; 2-деңгей – Желі нормативіне сәйкес қалалық; 3-деңгей – Желі нормативіне сәйкес облыстық; 4-деңгей – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы республикалық денсаулық сақтау ұйымдары. Аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы: 1. ТБ – талап етуі бойынша.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 166 Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.»; көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 126-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды айқындайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда, сондай-ақ үйде паллиативтік медициналық көмек «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ересек халыққа амбулаториялық-емханалық не стационарлық көмекке және (немесе) стационарды алмастыратын көмекке медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен көрсетіледі.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Пациентке паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада МПТ құрылады. МПТ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), бейінді мамандар (онколог, фтизиатр, инфекционист), орта медицина қызметкері (орта медицина қызметкерлері), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді. МПТ құрамы медициналық ұйымның ішкі бұйрығымен бекітіледі. МПТ пациенттің медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық зерттеп-қарау нәтижелерін зерделегеннен кейін оған паллиативтік медициналық көмек көрсету бойынша комиссиялық талқылау өткізеді және паллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша пациенттер мен медициналық ұйым мамандарына консультация береді, оның ішінде: 1) пациенттің физикалық және психологиялық жай-күйін бағалайды; 2) жеке жоспарды жасайды және түзетеді; 3) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және медициналық араласулар жүргізеді; 4) дәрілік препараттарды енгізу жоспарын айқындай отырып, олардың дозасын есептеу, оның ішінде клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге есірткілік емес, сондай-ақ құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттарды тағайындайды және қолданады; 5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізеді. МПТ дәрігері стационардан шығару кезінде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша стационардан шыққан адамның статистикалық картасын ресімдейді, онда жүргізілген диагностикалық зерттеулердің, емдеу іс-шараларының көлемі және одан әрі бақылау мен емдеу, сондай-ақ үйде күтім жасау негіздері бойынша ұсынымдар көрсетіледі. Көшірменің электрондық нұсқасы бекітілген (нақты тұратын) жері бойынша МСАК ұйымына жіберіледі. Стационардан шығару, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек үшін көрсетілімдерді бастапқы белгілеу кезінде паллиативтік медициналық көмекті қажет ететін не алатын науқастар туралы ақпаратты бейінді маман немесе отбасылық дәрігер медициналық ұйымның медициналық ақпараттық жүйесіне енгізеді. Егер пациент бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс стационарлық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған немесе паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымда емделсе, құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алатын және үйде емдеуді жалғастыруды қажет ететін пациентке шығу кезінде ауру тарихынан үзінді көшірмемен бірге құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген) бекітілген Бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына сәйкес беріледі.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Отбасылық дәрігер бекітілген халық арасынан паллиативтік медициналық көмекті қажет ететін немесе алатын пациент туралы ақпаратты алғаннан кейін мыналарды: 1) жоспарлы баруды (үйдегі актив айына 1 рет); 2) паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мобильдік бригаданы уақтылы шақыруды; 3) көрсетілімдер болған кезде стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде паллиативтік медициналық көмекті уақтылы алуды ұйымдастыруды; 4) мүгедектікті одан әрі белгілеу үшін организм функциялары тұрақты бұзылған кезде бастапқы немесе қайталама куәландыру мақсатында медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарау жүргізу үшін құжаттарды ресімдеуді; 5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізуді жүзеге асырады. Үйде көмек алу қажет болған кезде МСАК медициналық ұйымына бекітілген және паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттен ұйымның медициналық ақпараттық жүйесінде өтінім тіркеледі. Өтінімді алғаннан кейін отбасылық дәрігер бару жеделдігінің маңыздылығын бағалайды. Жоспарлы қарап-тексеру кезінде отбасылық дәрігер пациенттің үйіне активпен баруды жүзеге асырады. Пациенттің үйіне жоспарлы баруды дәрігер айына кемінде 1 рет және орта медицина қызметкері кемінде 4 рет жүзеге асырады.»; 8-тарау алып тасталсын; паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына қосымшада: оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Паллиативтік медициналық көмек көрсететін қызметтердің тізбесі»; 2-жол алып тасталсын; 20-жол алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № ҚР ДСМ-55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23329 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Паллиативтік медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 3
3. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітіліген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында: 64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «64. МСАК ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) бекітілген ересек халыққа паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және Кодекстің 7-бабының 32-тармағына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтім көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетуді қамтамасыз етеді.».
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «89. Онкологиялық науқастарға паллиативтік медициналық көмек «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) бекітілген паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 5
5. «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29917 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «60. Туберкулезбен ауыратын адамдарға паллиативтік медициналық көмек «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) сәйкес және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30187 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бүйрек аурулары бар пациенттерге паллиативтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32147 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «93. Жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің декомпенсациясы сатысында СБЖА және ДТЖА бар пациенттерге паллиативтік көмек «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) және КХ сәйкес көрсетіледі.».
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32409 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 57-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрық) сәйкес ем алып жатқан паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттер РҚТБ-ге ауыстыруға жатпайды.».
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 қазандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37158 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында: 26-тармақтың 18-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «18) «Медициналық оңалту көрсетудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) сәйкес медициналық оңалтуды және «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) сәйкес паллиативтік көмекті ұйымдастыру және жүргізу;».