О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области "О составе комиссии по делам семьи и женщин при Акиме области" Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау әкімиятының «Облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер әстерә жөніндегі комиссия құрамы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және кадрлардың өзгерістеріне байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құрамы туралы" (Әділет басқармасында 2002 жылғы 18 қыркүйекте № 1074 болып тіркелген), Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылдың 12 наурыздағы № 62 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Маңғыстау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 27 наурызда № 1428 болып тіркелген), Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылдың 26 наурыздағы № 93 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Маңғыстау облысының әділет басқармасында 2004 жылғы 14 сәуірде № 1661 болып тіркелген) 2002 жылғы 25 шілдедегі № 140 қаулысына мына өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасында :
1) комиссия құрамына енгізілсін:
Ахметова Ұлбосын Жүзбайқызы - "Заман" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
бас
директоры, "Замандас"
кәсіпкер әйелдерді қолдау
Орталығы" қоғамдық
бірлестігінің төрайымы,
"Заман" шағын несие
мекемесінің директоры
(келісім бойынша);
Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы - облыстық білім
басқармасының
бастығының міндетін
атқарушы;
Қабдолова Сұлушаш Қайыржанқызы - облыстық ішкі істер
басқармасының әйелдерді
зорлық-зомбылықтан қорғау
жөніндегі қызметін
ұйымдастырудың аға
инспекторы
(келісім бойынша);
Оңғаров Мақсат Оңғарұлы - Маңғыстау облысы бойынша
әділет Департаментінің
бастығы (келісім бойынша);
Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы - Маңғыстау облысының
коммуналдық меншігін
басқару
жөніндегі Департаментінің
директоры.
Тармақша 2
2) көрсетілген құрамнан Я.В.Алферова, А.Б.Байбөрінова, Ж.Қ.Бисенова, Б.Т.Кесебаева, Ж.Н.Сағымбаева, В.С.Фундукчиева шығарылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның жаңартылған құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.