О льготном проезде отдельных категорий лиц на общественном пассажирском транспорте города Экибастуза (кроме такси) Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласындағы жекелеген санаттағы тұлғалардың
қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы – саяжай» қатынасындағы маршрутты қоспағанда қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру ақысының 50%-ы мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы тұлғалары үшін белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көлік картасы және жеңілдікке құқықты растайтын құжаты болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының келесі санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
Тармақша 1
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы кажырлы еңбегі мен мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
Тармақша 4
4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
Тармақша 5
5) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан 1949 жылдан 1990 жылға дейін радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын азаматтар;
Тармақша 6
6) сүйемелдеуші тұлғалармен жүретін он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
Тармақша 7
7) сүйемелдеуші тұлғалармен жүретін бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
Тармақша 8
8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
Тармақша 9
9) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
Тармақша 10
10) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;
Тармақша 11
11) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің пробация қызметінің қызметкерлеріне.
Тармақ 3
3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы – саяжай» маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы тұлғалары үшін белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.