Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге Жолдау Қазақстан;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелиік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Әкімдіктің 2025 жылғы 19 желтоқсан № 220 қаулысына қосымша Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
Тармақша 2
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 3
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 5
5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
Тармақша 6
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;
Тармақша 3
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 4
4) кітапхана меңгерушісі;
Тармақша 5
5) аккомпаниатор;
Тармақша 6
6) библиограф;
Тармақша 7
7) кітапханашы;
Тармақша 8
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 9
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 10
10) музыкалық жетекші;
Тармақша 11
11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
Тармақша 12
12) хореограф;
Тармақша 13
13) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 14
14) барлық мамандықтар мұғалімдері;
Тармақша 15
15) әдістемелік кабинет меңгерушісі.