О признании утратившими силу некоторых совместных постановлений акимата города Экибастуза и решений Экибастузского городского маслихата Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің және Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7284 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 292/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 116/18 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысымен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27929 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.