О правилах по оказанию помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к городской сети телекоммуникаций Күшін жойған
Басқа 0
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке тұрғын үй жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны, жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін ақы төлеуге көмек көрсету Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі №568-ІІ Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке тұрғын үй жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны, жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін ақы төлеуге көмек көрсету Ережелері бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 10 шілдеде тіркелген №975 «Тұрмыс жағдайы нашар азаматтарға тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы» 2003 жылғы 16 мауысымдағы №157 шешімінің (2003 жылғы 15 тамыздағы №33 «Тайыншинские вести») күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Келісілген
Аудан әкімі
А.Маковский
11.10.2004 ж.
Аудандық қаржы
басқармасының бастығы
Л.Гордеева
11.10.2004 ж.
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Е.Құлмамбетова
11.10.2004 ж.
Басқа 4. Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке меншік қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану үшін, жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерінің төлемдерін төлеуге көмек көрсету Ережелері
Аудандық мәслихаттың
«Тұрғын үйді ұстау (жеке
тұрғын үйден басқа),
коммуналдық қызметтерін
пайдаланғаны және телефон
үшін абоненттік ақыны ұлғайту
бөлігіндегі байланыс қызметтері
үшін төлеуге тұрмыс жағдайы
нашар отбасыларына (азаматтарға),
көмек көрсету ережелері туралы»
2004 жылғы 12 қазандағы № 52
шешімімен бекітілген
Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке меншік қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану үшін, жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерінің төлемдерін төлеуге көмек көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке меншік қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану үшін, жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерінің төлемдерін төлеуге көмек көрсету Ережелері тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) жеке меншік қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған, абоненттік ақыныы ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге жұмсалған қаражатты өтеу үшін тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегін алі құқығына Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ тұлғалар, тұрақты тұруға рұқсаты барлар, Тайынша ауданында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе жалдауышысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын азаматтар (мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алушылар), егер тұрғын үйді ұстауына және тұрғын үй алаңының нормасы шегінде коммуналдық қызмет көрсетілерді компенсациялық шаралармен қамтамасыз ететін пайдаланудың төлемақы шығыны, кем дегенде отбасы бюджетіндегі коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдалану нормативі мен нақты орналасқан жалпы алаңы осы мақсаттарға рұқсат етілген шығындардың үлесінен асса ие бола алады. Тайынша ауданының тұрғындарына үйді ұстау және коммуналдық қызметін жұмсау үшін шығынның шектелген үлесіне (сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, жарығы, газ және қоқысты шығару) отбасының жиынтық табысына 15 % мөлшерінде белгіленеді.
Заң тәртібімен белгіленген үйді ұстауға, және коммуналдық қызмет көрсетулерге нормативтер мен тарифтер анықталмаған жағдайда, жұмсалған қаражатты өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі.
Коммуналдық қызметін пайдаланудың есеп жүргізу құралдары бар, есеп жүргізу құралдары жоқ коммуналдық қызметтердің пайдаланушылары үшін белгіленген шығыстардың нормаларынан кем емес пайдаланушылар үшін есепке алынатын шығындар, есеп жүргізу құралдарының көрсеткіштері негізінде көрсетілген қызметтер өткен айға нақты жұмсалған қаражаты бойынша анықталады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі жекеменшігінде бірнеше тұрғын үй (пәтер, үй) бір бірліктен астам (бөлігін) немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) беріп отырған зейнеткерлермен, мүгедектерден және бір айдан астам стационарлық емделу мерзімінде болған зейнеткерлер, туберкулезбен ауратындар, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар және емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұратын, онкологиялық және психикалық аурулары бар азаматтардан, оқушылар мен студенттерден, магистратура мен аспирантураны қоса күндізгі оқудың курсанттары мен тыңдаушылардан басқа және де 1 және 2 топ мүгедектеріне, 80-нен асқан зейнеткерлерге, 7 жасқа толмаған балаларға қызмет көрсетумен айналысқан азаматтардан басқа, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздары бар отбасыларға тағайындалмайды.
Үй иесінің немесе иелерінің бірі қайтыс болған жағдайда, пәтерде (үйде) тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің мұрагерлік құқықтарына ие болғандарына дейін, үй иесінің қайтыс болған күнінен бастап, 6 ай ағымында, коммуналдық қызмет көрсетуді қолдану нормативтері мен тұрғын үй алаңының нормасы шегінде тағайындалады.
Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан орынды себепсіз бас тартқан, оқуды немесе қайта оқуды, қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен тоқтатқан жұмыссыз мүшелері бар отбасылар алты айға тұрмыс үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беру
3. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беру
Тармақ 5
5. Тұлға (одан әрі – өтініш беруші) ьелгіленген үлгісіндегі өтінішпен тұрғын үй көмегін тағайындауға Тайынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай – уәкілетті орган) өз атынан немесе отбасының атынан өтініш береді.
Тармақ 6
6. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) отбасы құрамы туралы мәліметтер
Тармақша 2
2) қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталықпен берілетін тұрғын үй иелігі, тұрғын үйдің жалпы алаңы туралы мәліметтер
Тармақша 3
3) өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер
Тармақша 4
4) тұрғын қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік ақысы және коммуналдық қызметтерінің төлемдерін төлеуге
Тармақша 5
5) алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 14.07.2005 № 94 шешімімен
Өтініш иесу мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес, өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығына және растығына жауапты болады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджетпен көзделген сомалар шегінде Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган өтініш пен оған қосылған құжаттарды қабылдайды, оларды он бес күн мерзімінде қарастырады және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар өткен айға соңғы айының жиырма бесіне дейін қабылданады. Тұрғын үй көмегін алушыларының қайта өтінішін ресімдеу алғашқы ретіне сәйкес келеді.
Тармақ 10
10. Қолайлы секторда тұратын тұлғаларға тұрғыын үйдің меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалға алушыларымен) қолма қол ақшасыз түрде және өтініш бойынша қызмет көрсетушілердің есеп бойынша тұрғын үйді ұстау өтемақысын азайту және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлемақы төлеу ретінде аударылады.
Тармақ 11
11. Тапсырылған құжаттардың қаралған нәтижелері бойынша тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалға алушылары) және уәкілетті орган арасында екі жақты шарт жасалады, оның біреуі үй иесінде сақталады. Көрсетілген шарт тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган тағайындалған тұрақ жайдың меншік иелерін немесе жалдаушыларын (қосымша жалға алушыларын) көмегінің сомаларын көрсетілген тізімдерін жасайды және қызмет берушілердің есеп шоттарына ай сайын аудару жүргізеді.
Тармақ 13
13. Өтініш иесімен ұсынылған құжаттардың шүбәсіздігіне күдіктенген жағдайда өтініш иесінің тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын мәліметтеріне тиісті уәкілетті органдарға сұрау салуға құқығы бар, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін алушы он күндік мерзім ішінде тұрғын үй көмегінің молшерінің өзгерістері немесе оны алу құқығы үшін негіз бола алатын жағдайлар жайында Уәкілетті орган ақпараттандыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заң шығару актілеріне сәйкес тұрғын үй көмегін төлеуді ұйымдастырудың және тағайындаудың дұрыстығына жауапты болады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
Тармақ 16
16. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 05.01.2007 № 186 шешімімен.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін алу үшін тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын анықтау Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің 2002 жылғы 13 ақпандағы 31-ІІ бұйрығымен бекітілген, атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміттенген тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын анықтау Ережелері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үйді ұстау және коммуналдық қызметіне қалалық телекоммуникация қосылған телефон үшін аударылған нақтылы төленген сомасынан спауы керек.
Тармақ 19
19. Үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге, коммуналдық қызмет көрсетудің нақты шығындары мен тарифтері төлемінің шектелген үлесінде, отбасы құрамы мен табысында өзгерістер болған жағдайда отбасына тағайындалған тұрғын үй көмегі қайта есептеледі. Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібі бойынша қайтаруға жатады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру аудандық бюджет есебінен, ал телефон тарифтерінің үлғайыуна тиісті қаржы жылына бекітілген республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.