Об объявлении на территории города Қонаев Алматинской области чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48, 50-баптарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес Қонаев қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қонаев қаласы әкімінің орынбасары М.Ф. Тұрсын тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.