Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию по области Ұлытау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Су кодексінің» 26 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213665 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жоба әзірленді Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұлытау облыстық мәслихатының IV сессиясының 2023 жылғы 26 шілдедегі №53 «Ұлытау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ұлытау облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшері
Ұлытау облыстық мәслихатының XXX сессиясының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №292 шешіміне қосымшасы Ұлытау облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшері № Тұтынушылар атауы Төлем мөлшері, теңге/м3 (ҚҚС есебінсіз) 1. Халық 91,04 2. Бір адамға тәулігіне 140 (жүз қырық) литр су тұтыну нормативінен асқан жағдайда төлем мөлшері 118,35