Об упразднении некоторых населенных пунктов Улытауского района области Ұлытау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысы Ұлытау ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауылдық округінің Боздақ елді мекені оның аумағы Аманкелді ауылдық округінің Сарлық ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 2
2. Шеңбер ауылдық округінің Үңгірлі елді мекені Шеңбер ауылдық округінің Қорғасын ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 3
3. Жанкелді ауылдық округінің Қызыл үй және Талдықұдық елді мекендері Жанкелді ауылдық округінің Байқоңыр ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 4
4. Қоскөл ауылдық округінің Құлжанбай және Нарөлген елді мекендері Қоскөл ауылдық округінің Қоскөл ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.