Об упразднении некоторых населенных пунктов Жанааркинского района области Ұлытау Қолданыста
Басқа 0
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының
кейбір елді мекендерін тарату туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтау ауылдық округінің Қылыш және Айшырақ ауылдары олардың аумақтары Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 2
2. Ақтүбек ауылдық округінің Өркендеу ауылы оның аумағы Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 3
3. Байдалы би ауылдық округінің 117 разъезді оның аумағы Байдалы би ауылдық округінің Атасу ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 4
4. Бидайық ауылдық округінің Қарамола ауылы оның аумағы Бидайық ауылдық округінің Ақтайлақ ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 5
5. Ералиев ауылдық округінің Кезең ауылы оның аумағы Ералиев ауылдық округінің Ералиев ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 6
6. Талдыбұлақ ауылдық округінің Ақтасты ауылы оның аумағы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 7
7. Сейфуллин ауылдық округінің Жаңаталап ауылы оның аумағы Сейфуллин ауылдық округінің Ынтымақ ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 8
8. Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінің Байғұл ауылы оның аумағы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінің Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 9
9. Орынбай ауылдық округінің Бидайық №2 ауылы оның аумағы Орынбай ауылдық округінің Орынбай ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 10
10. Қараағаш ауылдық округінің Қараағаш Лесхоз елді мекені оның аумағы Қараағаш ауылдық округінің Ынталы ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
Тармақ 11
11. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.