Об условиях выпуска международных облигаций и АДР Күшін жойған
Басқа 0
Халықаралық облигациялар және АДР шығарудың шарттары туралы
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногын дамыту және Қазақстан Республикасы ұйымдарының халықаралық, бағалы қағаздар шығару жөнiндегі процесiн реттеу мақсатында, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы ұйымдарының олардың бұрынғы шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған қор биржасының ресми тiзiмiне енгізу шартымен халықаралық облигациялар (бұлар "Халықаралық облигациялар шығару кезiнде ақпараттар беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегi N 60 қаулысы 1-тармағының төртiншi бөлiгінде айқындалған) және АДР (бұлар "Америкалық және әлемдiк депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығару кезiнде ақпарат беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 30 шiлдедегі N 124 қаулысы 1-тармағының екiншi бөлiгінде айқындалған) шығарылымдарын жүзеге асыруға құқылы екендiктерi белгіленсiн.
Тармақ 2
2. Ұлттық комиссия Директоратының мынадай қаулыларына тиiстi толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 25 мамырда N 535 тiркелген "Халықаралық облигациялар шығару кезiнде ақпараттар беру туралы" 1998 жылғы 15 көкектегі N 60;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 27 тамызда N 587 тiркелген "Америкалық және әлемдiк депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығару кезiнде ақпарат беру туралы" 1998 жылғы 30 шілдедегі N 124.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгiзілетiндiгi белгіленсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (оны күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерінің назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.